Ақмола облысының прокуратурасымен Ғалым Елемесовтің 90 жылдық құрметіне естелік іс-шара өткізілді

Ақмола облысының прокуратурасымен Ғалым Елемесовтің 90 жылдық құрметіне естелік іс-шара өткізілді

Көкшетау қаласы Абай көшесiнiң бойында орнатылған Қазақ КСР бұрынғы прокурорының ескерткiшiнде жиналған Ақмола облысы құқық қорғау және мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi, басшылығы мен ардагерлерi атақты жерлесiмiз, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметтi қызметкерi, құрметтi заңгер Ғалым Елемесовке құрмет көрсеттi.

Белгiлi жерлесiмiздiң 90 жылдығына арналған естелiк iс-шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев қатысты. Ғалым Елемесовтiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, Марат Ахметжанов жиналғандар алдында ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтiң атынан құттықтау хатты оқыды.

«Барлықтарыңызға белгiлi, өткенсiз болашақ жоқ. Бүгiн, бiз қаламыздың бiр көшесiне аты берiлген, белгiлi тұлға, атақты адам — Ғалым Бәжiмұлы Елемесовтi еске түсiрудемiз. Ол жоғары бiлiмдi адам болды. Өзiнiң адалдығының арқасында барша республика бойынша құрметке ие болды» — дедi Ермек Маржықпаев.

Қазақ КСР Жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы, Қазақ КСР бұрынғы прокуроры Ғалым Елемесов туралы естелiктерiмен сот жүйесiнiң ардагерi Тiлектес Айсин және туысы Сәдуақас Әкiмжанов бөлiстi.

Iс-шара аяқталысымен барлық қонақтар облыстық прокуратураның ғимаратында орналасқан Ғ.Елемесовтiң музейiне шақырылды. Естелiк кездесу шеңберiнде ҚР мемлекеттiк және қоғам қайраткерi туралы естелiк кiтаптың тұсаукесер рәсiмi өттi.