Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның өтырысы өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның өтырысы өткізілді

Облыс әкiмдiгiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржыпаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның отырысы өткiзiлдi. Оның жұмысына аудандар мен қалалардың әкiмдерi, өңiрлiк басқармалар мен департаменттердiң басшылары, облыс әкiмi аппаратының жауапты қызметкерлерi қатысты.

Кеңестi ашып өңiр басшысы Ермек Маржықпаев ағымдағы жылғы 15 шiлдеде Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Мемлекет басшысы белгiлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша 7 мiндеттi жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Қуаныш Бекбасов алдағы уақытта мұндай фактiлерге жол бермеу үшiн кездесуге қатысушыларды облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнiң Зерендi ауданы лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзуларына ықпал ететiн жағдайлар мен салдарды жою бойынша ұсынымдармен таныстырды.

Ақпаратты тыңдап облыс әкiмi қызметтiк тәртiптi нығайту және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу қажеттiгiне қатысушылардың назарын аударды.

Естерiңiзге сала кетейiк, Зерендi аудандық сотының 2019 жылғы 19 маусымдағы үкiмiмен Зерендi ауданының бұрынғы әкiмi М.Мұстафин сотталып 3 жылға бас бостандығынан айрылған, оның орынбасарлары Э.Мұқашев — 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған, К.Жақыповқа — 4 208 000 теңге айыппұл салынған. Сотталғандар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында лауазымдар атқару құқығынан айрылған.

Кездесудiң соңында сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетiлiп, «Adaldyq alany» жобалық офисiнiң тұсау кесерi өткiзiлдi.