«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалында Саяси Бюро кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалында Саяси Бюро кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында аумақтық облыс әкiмi, партия филиалының төрағасы Ермек Маржақпаевтың төрағалығымен Саяси Кеңес Бюросының отырысы өттi.

Өңiрдегi Жастар жылы аясында жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған бағдарламаларды iске асыру бойынша атқарылып жатқан iстер жөнiнде облысық iшкi саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин, партияның Зерендi аумақтық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Бақытжан Айдосова мен Атбасар аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Нұржан Рақымов есеп бердi.

Бүгiнде облыс бойынша 146 мың жастар бар болса, бұл жалпы облыс тұрғындарының 20 % құрап отыр. Елбасының Бес әлеуметтiк бастамасындағы «Әр отбасыға жаңа үй алу мүмкiндiктерi» атты бiрiншi бастамасы бойынша Көкшетау қаласының Сарыарқа мөлтек ауданында алдағы уақытта «Ақмола жастары» бағдарламасы бойынша 424 пәтерден құралған 6 көпқабатты тұрғын үй бой көтермекшi. Облыстық 6 бiлiм ошағына 2328 орындық студенттiк жатақханалар салынады деп жоспарлануда. Жастар ресурстық орталығы биылғы жылы 448 жасты жұмысқа орналастырған. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 117 адам бiлiмiн жетiлдiрген. «Еңбек» 2017-2021 мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жастарға арнап 96,9 млн.теңгенiң 192 гранты бөлiнбек. Облыста «Серпiн» бағдарламасы бойынша 1746 студент бiлiм алуда. Ал «Дипломмен ауылға !» бағдарламасымен 231 маман 874,9 млн.теңгенiң пайызсыз несиесiн алып, 359 маман көтерме жәрдемақы алады деп жоспарлануда. «2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсiпкерлiктi дамыту және жұмыспен қамту мемлекеттiк бағдарламасы аясында Ақмола облысы бойынша жастарға арнап биылғы жылы 96,6 млн.теңгенiң 192 грантын беру жоспарланған»,- дедi облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин.

Жастар мәселесiне ерекше ден қойған өңiр басшысы елдiң дамуындағы жас өреннiң алар ерекше орнын атап өттi. «Жоғарғы немесе орта бiлiм алған жас маманның жұмысқа орналасу мәселесiн бақылауда ұстау керек. Әр сөзiмiз жасаған iсiмiздiң дәлелi болуы керек. Мемлекеттiк маңызы бар барлық бағдарламаларды жүзеге асыруда белсендi жұмыс iстеуiмiз керек»,- дедi өңiр басшысы партияластар алдында.

-Бұл ретте партиялық жиындарда барлық мәселелер бүкпесiз ашық айтылуы тиiс. Бiздiң iсiмiз сөзiмiзбен сәйкес болуы тиiс. Барлық мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асуына ат салысуымыз керек, дедi ол.

Сонымен қатар, жиын барасында, «Нұрлы жол» бағдарламасына ҚР Ұлттық Қорынан бөлiнен бюджеттiк қаражаттың тиiстi жүзеге асырылуы мен «Халыққа көмек», «Ауыл ел бесiгi», «Құтты мекен» және «Бақытты отбасы» партиялық жобаларының Егiндiкөл, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласында iске асырылу барысы тыңдалды.

Бюро жұмысын қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев партияластар алдында бiрқатар мiндеттер қойды.