
Көкшетауда ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетi Көкшетау техникалық институты азаматтық қорғау офицерлерiнiң кезектi шығарылымының салтанатты рәсiмi өттi. Iс-шараға облыс әкiмi Ермек Маржықпаев, ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Юрий Ильин, ҚР IIМ ТЖК төрағасы Вл адимир Беккер қатысты.
Бүгiнгi күнi елiмiздегi өртке қарсы қызмет офицерлерiн, кәсiби құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны — бiлiм мекемесiн бiтiргенi туралы құжаттары өрт қауiпсiздiгi бакалавры — 114 түлекке табыс етiлдi. Күндiзгi бөлiм курсанттарынан басқа, институттан жiберiлген Ресей мен Беларусь ТЖМ жоғарғы оқу орындарын бiтiрген үш маманға да диплом берiлдi. Салтанат дәстүр бойынша облыс гарнизонының қарамағындағы өрт-құтқару техникасының көрмесiнен, ата-аналары мен қонақтарды ЖОО көп жылғы тарихымен таныстырудан басталды.
Түлектердi құттықтай отырып, облыс әкiмi: «Елiмiздiң Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев «бiздiң жұмысымыздағы басты бағыт — азаматтарымызды стихиялы апаттан және төтенше жағдайлардан қорғау» деп атап өткен болатын. Бұл үлкен және абыройлы iс. Институттың бiздiң облысымызда орналасуы қуанышты, ЖОО командалық, профессорлық-оқытушы құрамы облыстың әлеуметтiк, мәдени, спорттық және қоғамдық өмiрiне қомақты үлес қосып келедi. Институттың жиынтық жасағы азаматтық қорғау органдарының жұмыс iстейтiн қызметкерлерiмен қатар, түрлi сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға белсендi қатысуда» — деп атап өттi.
20 жылдан астам уақыт iшiнде КТИ азаматтық қорғау саласында кәсiби кадрларды даярлаумен айналысып, зор беделге ие болды. Осы уақыт iшiнде бiлiм мекемесiнiң қабырғасынан 4890 маман шықты, ҚР IIМ ТЖК қызметкерлерi бiлiктiлiгiн жетiлдiру мен қайта дайындау курсынан осында өтедi. Халықаралық келiсiмге сәйкес, институт төрт жыл қатарымен Қырғызстан Республикасының ТЖК үшiн мамандар дайындайды. Барлық жылдардағы түлектердiң арасында өрт қауiпсiздiгi, азаматтық қорғаныс саласында әзiрлемелермен шұғылданатын ғалымдар, лайықты спортшылар аз емес.