Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулетпен кездесті.

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулетпен кездесті.

Кездесу Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлының құттықтау сөзінен және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ИЫҰ жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру туралы бастамасының 10 жылдық мерейтойымен құттықтаудан басталды.

2011 жылғы 8 маусымда алғаш рет 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумы аясында және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ИЫҰ шеңберінде штаб-пәтері Қазақстанда орналасатын азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құруды ұсынды. ИЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұдан әрі, Ерлан Байдәулет ИЫҰ-ның стратегиялық өнімдерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, азық-түлік қауіпсіздігі резервтері, 2026 жылға дейінгі ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту жөніндегі ИЫҰ бағдарламалары, азық-түлік гуманитарлық бағдарламалары, аграрлық азық-түлік саудасы мен инвестицияларды ілгерілету, тамақ өнеркәсібінің халықаралық ислам қауымдастығы (IFPA) сияқты IOFS стратегиялық бағдарламаларын таныстырды. IFPA IOFS-ке мүше елдерде азық-түлік индустриясын қолдауға ерекше назар аудара отырып, ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік секторлардағы инвестициялар мен сауданы алға жылжыту арқылы маңызды рөл атқарады.

Ақмола облысының әкімі таныстырылым үшін алғысын білдіріп: «Өңірге және жалпы елге ауыл шаруашылығын дамыту үшін заманауи ғылыми тәсілдер қажет. Сондай-ақ, өңір шикізатты экспорттауды ғана емес, сонымен қатар оны жоғары қосылған құнымен терең өңдеуді жүзеге асыруды және экспорттауды мақсат етіп отыр, және біздің мақсаттарымызды іске асыру, соның ішінде ғылымды, бизнесті дамыту үшін біз азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз» - деп атап өтті.

Тараптар ұсынылған стратегиялық бағдарламалар шеңберінде ынтымақтастыққа, сондай-ақ ИЫҰ елдеріне азық-түлікті терең өңдеуге және экспорттауға инвестициялар тарту жолдарын табуға дайын екендіктерін білдірді.