Ақмола облысында Қазақстан халқы Бірлігі күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ақмола облысында Қазақстан халқы Бірлігі күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бүгiн, Көкшетау қаласында Қазақстан халқы Бiрлiгi күнiне орай облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өттi. Iс-шарада өңiр басшысы Ермек Маржықпаев болды. Облыс әкiмi тұрғындарды мерекемен құттықтап, сауда барысымен танысты.

«Алтын Ғасыр» сауда үйiнiң алаңында Астрахан, Аршалы, Бұланды, Егiндiкөл аудандарының және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi 32,7 млн.теңге сомасына шамамен 200 тонна өнiм ұсынды. Облыс орталығының тұрғындары мен меймандары жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң тамақ өнiмдерiнiң 30-дан астам аталымын сатып алу мүмкiндiгiне ие болды. Бағасы нарық бағасынан 15-20% төмен.

Облыс диқаншылары барлығы 14,8 тонна ет және шұжық өнiмдерiн, 160 мың дана жұмыртқа және сүт өнiмдерiн, 24 тоннадан астам балық, ұн, картоп және басқа да өнiмдердi жеткiздi. Сонымен қатар, шетен, ирга, моиыл, барбарис, таңқурай сияқты және т.б. тұқым ағаштарының және тал тұқымды екпе ағаштарын сатуға шығарды.