Ақмола облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың бірінші тоқсандағы қорытындылары шығарылды

Ақмола облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың бірінші тоқсандағы қорытындылары шығарылды

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкiмi Е. Маржықпаевтың төрағалық етуiмен әкiмдiк отырысы өткiзiлдi, оның барысында өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, ағымдағы жылғы бiрiншi тоқсандағы бюджеттiң орындалуы, сондай-ақ жылу беру маусымының қорытындылары және келесi жылу беру маусымына дайындық мәселелерi қаралды.

Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев ақпараттандырғандай, экономиканың көптеген салалары бойынша оң нәтижеге қол жеткiзiлдi. Өткен жылғы тиiстi кезеңге қарағанда нақтылы көлем индексi тау-кен байыту және өңдеу өнеркәсiбiнде, тамақ өнiмдерi өндiрiсiнде артты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiм көлемi 33,4 млрд теңгенi құрады, өткен жылғы ұқсас кезеңге НКИ — 114,9%. Осы көрсеткiш бойынша Ақмола облысы Қазақстан Республикасында көшбасшы орында келедi.

Ауыл шаруашылығында мал мен құс санының өсiмi, ет пен сүт өндiрiсi көлемiнiң артуы қамтамасыз етiлдi. Елорда нарығына 14 мың тонна сүт, 6,5 мың тонна ет өнiмi, 45,4 мың жұмыртқа жеткiзiлдi.

Сонымен қатар, Қанат Дүзелбаев атап өткендей, өңiрде негiзгi капиталға инвестициялар көлемiнiң, құрылыс жұмыстарының, жұмыс iстейтiн ШОБ субъектiлерi санының төмендеуiне жол берiлдi.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткiштерiне қол жеткiзбегенi үшiн бiрқатар басқармалардың басшыларынан, аудандар мен қалалардың әкiмдерiнен қатаң сұрады және әрқайсысының жеке жауапкершiлiгi туралы ескерттi.

Өңiр басшысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысына аудандар мен қалалардың әкiмдiктерiмен бiрлесе отырып, Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде iске қосылған жобалардың жоспарлы қуаттылығына шығуын қамтамасыз етудi тапсырды. Ауыл шаруашылығы басқармасына және өңiр әкiмдерiне әртараптандыру шеңберiнде майлы дақылдардың егiстiк алқаптарын ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарының жүктелуiн қамтамасыз етудi тапсырды. Ермек Маржықпаев өңiрлер әкiмдерiнiң және салалық басқармалар басшыларының назарын, МЖӘ шеңберiнде жобаларды одан әрi iске асыруға, халықтың сапалы ауыз суымен жабдықталуына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау саласында адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталған кешендi шара қабылдауға аударды.

Бюджеттiң шығыс бөлiгi орындалуының қорытындысы бойынша қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндап бердi. Бюджеттiң көлемi 39,4 млрд теңгенi құрады, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда екi пайыздық тармаққа жоғары. Бюджеттiң шығыс бөлiгi 98,4% игерiлдi.

Қаржы басқармасы басшысының ақпаратын тыңдап, Ермек Маржықпаев облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, аудандар мен қалалардың әкiмдерiне ағымдағы жылғы бiрiншi тоқсанның қорытындысы бойынша бюджетке салықтар мен төлемдердiң 100% түсуiн қамтамасыз етудi, бюджет қаражатын, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi толық игерудi тапсырды.

Күн тәртiбiнiң үшiншi мәселесi бойынша Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко сөз сөйледi. 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындалу кезiнде 663 қазандық пен 75 км жылу трассасы жөнделдi. 704 бiлiм беру, 588 денсаулық сақтау объектiсi, 570 әлеуметтiк мақсаттағы объектi, 2128 көп пәтерлi тұрғын үй дайындалды.

Өңiр басшысы, тұтастай алғанда жылу беру маусымы тұрақты өткенiн атап өттi және алдағы күзгi-қысқы маусымға дайындалу бойынша бiрқатар нақтылы тапсырмалар бердi. Аудандар мен қалалардың әкiмдерiне жоспарланған жөндеу жұмыстарының орындалуын, 2019 жылғы 1 маусымға және 10 қыркүйекке дейiн отын сатып алу тендерлерiн өткiзудi, оның екi айлық қорын құруды қамтамасыз етудi, сондай-ақ әлеуметтiк сала қазандықтарын мамандандырылған сервистiк компаниялардың сенiмгерлiк басқаруына беру бойынша шара қолдануды тапсырды.