
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Бұланды ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Талғат Аманбайұлы Ерсейiтов Бұланды ауданының әкiмi болып тағайындалды.
Талғат Ерсейiтов, 1974 жылы туған, Астрахан ауданының тумасы. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Басқару институтын бiтiрген.
Еңбек жолын 1996 жылы Астрахан ауданы әкiмiнiң аппаратында маман болып бастады. 1997-2007 жылдары Астрахан ауданы бойынша салық комитетiнде түрлi жауапты лауазымдарды атқарды. 2007 жылы Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2009–2012 жылдары Астрахан ауданы әкiмi орынбасарының лауазымында қызмет атқарды. 2012-2017 жылдары — Астрахан ауданының әкiмi.
Осы тағайындалуына дейiн Есiл ауданы әкiмiнiң лауазымын атқарды.