Ақмола облысында кешенді көктемгі-дала жұмыстарын өткізуге дайындық мәселесі талқыланды

Ақмола облысында кешенді көктемгі-дала жұмыстарын өткізуге дайындық мәселесі талқыланды

Бүгiн, Көкшетау қаласында агрокеңес өттi, онда көктемгi егiн егу жұмыстарын сапалы және ұйымдасқан түрде өткiзуге дайындалу мәселелерi талқыланды. Iс-шараға аудандар мен қалалардың әкiмдерi, салалық мемлекеттiк ұйымдардың, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, шаруа қожалықтарының басшылары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң өкiлдерi қатысты.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Қазақстанның Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек өнiмдiлiгiн жоғарылату және ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспортын арттыру бойынша тапсырмаларының шеңберiнде бiрқатар мiндеттердi белгiлеп бердi. «2018 жылы жалпы бидай түсiмiнiң 81% астамы 3-класқа сәйкес келдi, ол астықты өңiрлердiң арасындағы үздiк көрсеткiш болып табылады. Жоғарғы сапасының нәтижесiнде бiздiң астық әлем нарығында үлкен сұранысқа ие болды», — деп атап өттi облыс әкiмi.

Ағымдағы жылы облыс бойынша жазғы егiстiктi 4,7 млн. га ауданында жүргiзу жоспарлануда, оның iшiнде дәндi-дақылдар 4,3 млн. га алқапта себiлетiн болады. Майлы дақылдардың ауданы 247,7 мың га құрайды, картоп және көкөнiс — тиiсiнше 17,4 мың га және 3,9 мың га.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Жомарт Нұркеновтiң ақпараты бойынша облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымымен қамтамасыз етiлген, оның 80%-ы егiн егу стандартының 1 және 2-кластарына сәйкес келедi. Биылғы жылғы егiн егу науқанына 15 мыңнан астам трактор және 16 мың сеялка, сондай-ақ 1,2 мыңнан астам жоғары өнiмдi егiн егу кешендерi тартылады. Облысқа бөлiнген 65 мың тонна кепiлдiк берiлген дизель отынынан, бекiтiлген кестеге сәйкес наурыз көлемi төлендi және толығымен алынды. МӨЗ сәуiр көлемiн жеткiзу жүргiзiлуде — 20 мың тоннадан тастам. Ағымдағы жылы мемлекет облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға субсидия түрiнде 35,7 млрд.теңге бюджет қаражатын бөледi.

Әрбiр топырақ-климаттық аймақ бойынша көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзу технологиясы туралы барынша нақтылы түсiнiктемесiмен қоса ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдар мен практиктер сөз сөйледi.

Кеңестiң қорытындысы бойынша облыс әкiмi ауыл шаруашылығы басқармасына аудандар мен қалалардың әкiмдерiмен бiрлесiп, 10 мамырға дейiн барлық шаруашылық субъектiлерiнiң тұқымға деген қажеттiлiгiн 100% қамтамасыз етудi; тек iрi ауыл шаруашылығы құрылымдарында ғана емес, сонымен қатар облыстың шаруа-фермерлiк қожалықтарында да нақтылы жер шаруашылығының элементтерiн енгiзу жұмысын жалғастыруды; өсiмдiк шаруашылығын қолдауға бағытталған бюджет қаражатын уақытында игерудi тапсырды.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әкiмдiгiмен әлеуметтiк әрiптестiк шеңберiнде ынтымақтастық туралы өңiрдiң iрi кәсiпорындарының басшыларымен бiрқатар меморандумдарға қол қойылды.