Ермек Маржықпаев «Smart Aqmola» өңірді цифрландыру кеңсесінде болды

Ермек Маржықпаев «Smart Aqmola» өңірді цифрландыру кеңсесінде болды

Кеңсе өңiрде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады, оның нәтижелi iске асырылуы, экономика дамуының қарқынын тездетудi және халықтың өмiр сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ететiн болады.

«Smart Aqmola» КММ басшысы Ғалымжан Бежентаев облыс әкiмi Ермек Маржықпаевты iске асырылған жобалармен таныстырды. Олардың арасында Ақмола облысының geo.smartaqmola.kz геопорталы және облыстық әкiмдiктiң ақпараттық-талдау жүйесi бар.

Ақмола облысы ахуалды орталығының бiрiншi кезеңiнiң ақпараттық-талдау жүйесi тәжiрибелiк пайдалануға берiлдi. Қолданылатын BI-талдау автоматтандырылған жинақтаумен және талдаумен өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 800-ден астам көрсеткiштерiн қамтуға және жедел деректердi мониторингiлеуге мүмкiндiк бередi. Жүйеде БАҚ интернет-ресурстарын және әлеуметтiк желiлердi нақтылы уақыт режимiнде бақылау функциясы бар.

ЫАЖ қосылған тағы бiр өзектi жаңалық — құрылыс объектiлерiн бақылауды автоматтандырудың кiшi жүйесi, ол құрылыс процесiнiң барлық қатысушыларының арасында бiрыңғай кеңiстiк құруға мүмкiндiк бередi, онлайн-режимiнде объектiлердiң нақтылы жағдайы туралы жедел деректерге қол жетiмдiлiктi ұсынады, сондай-ақ құжаттарды келiсудiң барша топтамасын қамтамасыз етедi.

Геопортал — барша ел шеңберiнде бiрегей, облыстың туристiк әлеуетiн танымал ету үшiн заманауи құрал. Қолайлы интерфайсына ие, виртуальды картасы, объект және оның нақтылы орналасқан орны, назар аударатын жерлер, музейлер, маршруттар, қонақ үйлер, мейрамханалар туралы нақтылы ақпаратты, шағын объектiлер мен жасыл желектерге дейiнгi жердiң жалпыға қол жетiмдi картасын қамтитын киелi орындар бойынша жол көрсеткiшi бар. Қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде аудиогид жұмыс iстейдi. Демалу аймағын қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыс әкiмiне «Smart Aqmola» платформасы таныстырылды, ол өңiрдiң барлық ақпараттық жүйелерiне бiрыңғай кiру нүктесi болып табылады. Облыс тұрғындары мен қонақтары тиiстi мобильдi қосымшаны көшiрiп ала алады, ол қазiрдiң өзiнде Аndroid платформасында қол жетiмдi. Әзiрше ол пилоттық режимде жұмыс iстеуде. «Smart Aqmola» арқылы ақмолалықтар болашақта кез келген қызметтi пайдалана алатын болады: туристiк геопорталға шығу, өз сәбиiнiң балабақшаға кезегiн көру, дәрiгердiң қабылдауына жазылу және т.б.

Кеңсе жұмыс iстеген сәтiнен бастап, келесi қызметтер iске қосылды: «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру», «Балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарына кезектi қалыптастыру мен қызмет ету және жолдамалар беру процесiн автоматтандыру». ТҮКШ саласында «Е-ПИК» мобильдi қосымшасын және облыс орталығында «Қауiпсiз қала» жобасының жекелеген элементтерi iске қосылды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының қоғамдық көлiгiнде жол жүрудi бақылау мен жолақы төлеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жоспарлануда. Жүйеде жол жүрудi қолма-қол ақшамен төлеу, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлеу нысаны қолданылатын болады.

Тәулiк бойғы Бiрыңғай диспетчерлiк қызметтi енгiзу жоспарда бар, ол мемлекеттiк органдар мен коммуналдық кәсiпорындардың барлық call-орталықтарын бiрiктiретiн болады және өңiр тұрғындарымен байланысқа түсудiң; Көкшетау қаласының аумағында smart-квартал құрудың бiрыңғай нүктесiне айналады, онда ТҮКШ желiсi бойынша барлық цифрлық жаңалықтар алдағы уақытта барша қала бойынша таратылатын болады. Мұндай квартал өзiне smart-жарықтандыруды, «ақылды» домофондарды және шлагбаумдарды, негiзгi қорлардың жағдайын есепке алуды автоматтандыруды, ауаны салқындату арқылы жаңа үлгiдегi аялдамаларды, Wi-Fi, арнайы қызметтердi шақыру түймешегiн және бейне бақылауды қамтиды.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев жауапты тұлғаларға өңiрде цифрландыру қарқынын тездетудi тапсыра отырып, кездесуге қатысушылардың назарын «Цифрлық Қазақстан» шеңберiнде енгiзiлетiн барлық ақпараттық жүйелердi толық ықпалдастыру қажеттiлiгiне аударды. «Smart Aqmola» КММ басшылығына openspace форматында кеңсенiң ашық жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.