
Ақмола облысының ТЖ департаментiмен және жергiлiктi атқарушы органдары Қылшақты өзенiндегi су деңгейiнiң көтерiлу салдарын жою мақсатында 1000 текше метр су сорып шығарды, 80 тонна инерттi материал шашып, 150 қап төселдi.
14 сағат 10 минутта Көкшетау қаласы 8 март көшесi бойынша №1/1 үйден су толық көлемде сорылды.
Қазiргi уақытта ТЖД, жергiлiктi атқарушы органдар мен полиция жеке құрамының 45 адамы мен 18 техникасы су астында қалған 4 үй мен 14 аула маңынында жою бойынша жұмыстарға жұмылдырылды.