Ақмола облысында Наурыз мейрамы атап өтілді

 Ақмола облысында Наурыз мейрамы атап өтілді

Бүгiн, Көкшетау қаласының Абылай хан және Тәуелсiздiк алаңдары облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшiн Наурыз мейрамына арналған басты орынға айналды. Салтанатты iс-шара «Алы Дала мекенiм!» театрландырылған қойылыммен басталды, оған өңiрдiң үздiк шығармашылық ұжымдары мен би топтары тартылды.

Өзiнiң құттықтау сөзiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев мерекенiң халық есiнде сақталып, көптен күткен тәуелсiз мемлекетiмiзбен бiрге қайтып оралғанын атап өттi. Өңiр басшысы облыстық мәслихаттың және облыс әкiмдiгiнiң бiрлескен шешiмiмен көкшетаулық Максим Горький көшесi Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына қайта аталғанын хабарлады. «Бұл күндерi барлық облыс орталықтарының басты көшелерi Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметiне қайта аталуда. Бұл Тұңғыш Президенттiң мемлекеттiң тарихи, экономикалық және әлеуметтiк-гуманитарлық дамуына, қазақстандық қоғамның бiрiгуiне және Қазақстанның халықаралық беделiн нығайтуға қосқан зор еңбегiнiң лайықты бағасы»,  — деп атап өттi.

Одан кейiн, облыс әкiмi кiшкентай ақмолалық Мұстафа Мүталовқа өз халқының лайықты ұлы болуына тiлегiн бiлдiрiп, ұлттық киiмде атқа мiнгiзу ұлттық дәстүрiне қатысты. Құрметтi азаматтармен, еңбек ардагерлерiмен және қоғамдық пiкiр көшбасшыларымен кездесу барысында Ермек Маржықпаев халықтың әлеуметтiк-осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған жаңа әлеуметтiк саясатты iске асыру мүмкiндiгiн талқылады.

Мереке аясында «Наурыз мереке» концертi өттi. Бағдарламаға жергiлiктi халық арасында танымал болған «Домбра Party», «Қымыз фестивалi», «Бауырсақ Party» кiрдi. 12 киiз үйде наурыз-көже, палау, бауырсақ және басқа да мерекелiк ас таратылды. Ниет бiлдiргендер қазақ ұлттық спорт түрлерiнен күш сынасты. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар алды.