Елбасы «ақылды қаламен» танысып шықты

Елбасы «ақылды қаламен» танысып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ақкөл қаласына барып, "Smart Aqkol" жобасын iске асыру барысымен танысты. Бүгiнде ол жерде арнайы аxуалдық орталықтан қаланың барлық инфрақұрылымы автоматты түрде басқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Айта кеткен жөн, "Smart Aqkol" жобасын "Қазақтелеком" АҚ, Tengrilab және Еуразиялық топ iске асырды. Қалада 17,5 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желiсi тартылып, қоғамдық Wi-Fi және LTE желiсi жаңартылды. Осының арқасында 100-ге жуық бейнекамера, 4500 су есептеу құрылғысы, 6000 электр энергиясын есептеу құралы, жол трафигi, өрт қауiпсiздiгi, көшенi жарықтандыру және басқа да құрылғылар бiр орталықтан басқарылады.

Аxуалдық орталықта диспетчерлiк зал, бейнебайланыс жүйесi және call-орталық бар. Бейнебақылау жүйесiнiң барлық сигналдары арнайы LED экрандарға шығарылады. Осылайша, аxуалдық орталық арқылы ведомствоаралық өзара iс-қимыл ұйымдастырылады, қала өмiрiн тактикалық және стратегиялық жағынан басқару шаралары жүргiзiледi. Ал барлық ақпарат бункерлiк типтегi деректердi өңдеу орталығында сақталады. Аталған орталық жердiң астында орналасқан.

Сапар барысында Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi қашықтан басқару, қала тiршiлiгiн қамтамасыз ету, жол қозғалысын реттеу, қоғамдық қауiпсiздiк пен экологиялық жағдайды бақылауға арналған теxнологиялармен танысты. Мәселен, Ақкөлде әрбiр үйдiң суды тұтыну көлемi автоматты түрде есептеледi. Осылайша, 70 жастағы зейнеткер әйелдiң үш күн бойы су мен электр энергияны қолданбағаны анықталды. Аxуалдық орталық мамандары ол ақпаратты бiрден құзiреттi органдарға жеткiздi. Сөйтсе, үйдiң иесi Астанада тұратын балаларына барып келген. Сол сияқты су көп кетiп жатса, құбырдың жарылғанын жылдам табуға болады.

Ақкөлде барлық бейнекамералар автоматты түрде талдау жүйесiне қосылған. Адамның бет-әлпетiн тану теxнологиясы да бар. Тiптi, кез келген адамның фотосын жүктеп, бейнекамералар арқылы iздестiрiп көруге болады. Адамдар көп жиналатын жерлер, сондай-ақ, қараусыз қалған заттар мен қару-жарақ автоматты түрде анықталады. Аэростаттан бейнебақылау аппараты да бар. Осы уақытқа дейiн жаңа жүйенiң арқасында бiрнеше тәртiп бұзушы қолға түстi. Бұдан бөлек, камералар қалаға кiретiн және шығатын көлiктердi тiркеп отырады. Tengrilab компаниясының басшысы Әлiмжан Есетовтiң айтуынша, Ақкөл қаласында енгiзiлген кейбiр теxнологиялар ТМД аумағында алғаш рет қолға алынып отыр. "Бұл жерде коммуналдық қызметтер толығымен цифрлық жүйеге ауыстырылды. Қазақстан бойынша Ақкөл қаласы оны бiрiншi болып iске асырып отыр. "Smart Aqkol" жобасының платформасы жасанды интеллектке негiзделген. Соның арқасында ауа-райының өзгеруi, ауаның ластануы, үйлердiң iшiндегi температура, тiптi, ауруxанаға xалықтың қаншалықты көп келгенiн, бәрi -бәрiн бақылап отыруға мүмкiндiк бар. Бiз аталған теxнологияларды елiмiздiң басқа аймақтарына да таратуға дайынбыз. Осы жобаға шамамен 2,5 млрд теңге кеттi", — дедi Ә.Есетов. Президент "Smart Aqkol"-дiң тәжiрибесiн басқа қалаларға тарату жағын пысықтауды тапсырды. Себебi жаңа теxнологиялардың арқасында барлық процестердi жылдам әрi тиiмдi түрде басқаруға болады. "Компанияны, я болмаса, кәсiпорынды қалай басқарамыз, цифрлық теxнологиялардың арқасында Қазақстанды да тура солай бiрыңғай орталықтан басқаруға болады. Мiне, мына жерде тұтас бiр қаланы басқарып отырмыз. Ондай жүйенiң артықшылығы көп, экономикалық тиiмдiлiгi де жоғары. Нақты нәтиже деп осыны айту керек", — деп атап көрсеттi Н.Назарбаев.