Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

 Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдауын өткiздi. Келушiлердiң өтiнiштерi негiзiнен әлеуметтiк және кәсiпкерлiк мәселелерге қатысты болды.

Көкшетау қаласынан келген көпбалалы ана өз баласын басқа қаланың диагностикалық орталығында медициналық тексеруден өткiзуге қолдау көрсетудi өтiндi.

«Синегорье» спорт клубының төрағасы Андрей Рыманов Бурабай ауданында орналасқан спорт кешенiн реконструкциялау бойынша ұсыныс енгiздi.

Көкшетаулық кәсiпкерлер Евгений Емельянов пен Дулат Әбiшев туризм саласында «Жасыл лабиринт», «Күн сағаты», квест «Jeti Qazyna», «Балалар темiр жолы» сияқты әртүрлi жобаларды таныстырды.

Жеке меншiк орман тәлiмбақтары ассоциациясының төрағасы Кәрiмжан Жағыпар өз кезегiнде орман өсiрудi дамыту жөнiндегi «Ел-Орманы» жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсетудi сұрады.

Өтiнiш иелерiн тыңдап Мәлiк Мырзалин олардың әрқайсысына тиiстi түсiнiктемелер бердi және шешiм қолданыстағы заңнама шеңберiнде қабылданатынын түсiндiрдi.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жеке қабылдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, жер, жұмыспен қамту, әлеуметтiк қамсыздандыру, кәсiпкерлiктi дамыту, құрылыс, ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша барлығы 155 адамды қабылдады. Соның iшiнде 59 дәрiгерлер мен мұғалiмдер, 34 шағын және орта бизнес өкiлдерi, 39 зейнеткер, 7 жұмыссыз, 6 мүмкiндiгi шектеулi, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған және үй шаруасындағы адамдар, 10 қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi. Қабылдауда Ақмола облысының әртүрлi аудандары мен қалаларының тұрғындары болды.

Азаматтарды облыс әкiмдiгiнде қабылдаумен қатар, Мәлiк Мырзалин әр тоқсан сайын «Нұр Отан» партиясының филиалында қабылдау жүргiзедi, оған 8 (716 2) 25 63 93 телефоны арқылы жазылуға болады.

Облыс әкiмi бекiтiлген кестеге сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн айына бiр рет қатаң кезектiлiк тәртiбiнде жүргiзедi. Қабылдауға 8 (716 2) 29 72 43 телефоны арқылы жазылуға болады.