
Жексенбi күнi Мәлiк Мырзалин Ерейментау ауданында болды, онда өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуымен танысты.
Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебiнен Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйi жөнделген болатын. Мұнда жылыту, сумен қамсыздандыру, өрт дабылы жүйелерi толығымен ауыстырылды және басқа да жұмыстар орындалды. Күрделi жөндеуге барлығы 145 млн.теңге бөлiндi.
Елбасы өзiнiң Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларының аясында, Ерейментау ауданында 2 мың шарты метр жалпы ауданымен 338 млн.теңге құнымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды, онда екi бассейн, шағын футбол ойнау үшiн әмбебап залы, баскетбол мен волейбол, күрес залы мен тренажер залы болады.
Жаңа құрылыс объектiсiнiң аумағын абаттандыру бойынша жобаға сәйкес, workout алаңының құрылысы жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан орталығында үш көп пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы қарастырылуда, олар жаңа ДШСК жақын жерде салынады.
Көлiк инфрақұрылымын дамыту мәселесi жеке қаралды. Бұрын Қоржынкөл станциясының тұрғындары «Астана-Павлодар» республикалық трассасынан малды екiншi жаққа айдау және өту мүмкiндiгiнiң болмауына шағымданған болатын. Бүгiнгi таңда, бұл мәселе технологиялық өткел құрылысының есебiнен шешiлдi.
Торғай елдi мекенiнiң маңында жаңа жылыту пунктi салынып, 30 қарашада iске қосылатын болады, онда төтенше жағдайларда, боран, қатты дауыл және трасса жабылған кезде жол қозғалысының қатысушылары орналастырылады. Жылыту пунктiнiң жалпы құны — 783 млн теңге.
Жаңа үш қабатты ғимараттың бiрiншi қабатында арнайы кезекшi қызметтер, медпункт, 36 орынға асхана орналастырылады. Екiншi қабатта — 50 орынға қонақ үй нөмiрлерi, үшiншi қабатта әкiмшiлiк жайлары болады. Жылыту пунктi дербес қазандықпен және орталықтандырылған сумен қамсыздандырумен қамтамасыз етiлген.
Аумағында 10 машина-орынға арналған жылы тұрақ, адамдарды шұғыл эвакуациялау немесе басқа да төтенше жағдайлар қажеттiлiгiнде тiкұшақ алаңы, 132 машинаға арналған асфальтталған автотұрақ бар.
Жуық арада аудан тұрындарының айтарлықтай маңызды мәселелерiнiң бiрi шешiлетiн болады. Алдағы жылға «Астана-Павлодар» трассасынан Ерейментау қаласына екi кiреберiс жолдың құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жоспарлануда.
Аудан орталығы да қайта жаңғыртылатын болады, абаттандыруға 320 млн.теңге бөлiндi.