
Сiздердi айналысқа енгiзiлгенiне 25 жыл толып отырған ұлттық валютамыз — Теңге күнiмен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсiз Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Осы күнi Елбасының Жарлығымен ұлттық валюта — теңге қаржы айналымына енгiзiлдi. Бұл Тәуелсiз елiмiздiң тарихында азаматтарымыздың әл-ауқатын көтеруде елеулi оқиға болғаны сөзсiз. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң естелiгiнде атап өткендей: «Өз мемлекеттiгiңдi құруда, өзiңнiң валютаңсыз елестету қиын. Ерте ме, кеш пе оны енгiзу қажет. Валюта — экономиканың күре тамыры».
Осы айтулы күнi елiмiздiң қаржы-несие саясатын ойдағыдай жүзеге асыруға өлшеусiз үлес қосып келе жатқан қаржы саласының қызметкерлерi де кәсiби мерекесiн атап өтедi. Ақмола облысының қаржы қызметкерлерiнiң тәжiрибесi, бiлiмi және кәсiби шеберлiгi өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақты кепiлi болып табылады.
Сiздерге және сiздердiң жақындарыңызға зор денсаулық және бақыт тiлеймiн. Отанымыз — Қазақстан Республикасының гүлденуi жолында жаңа кәсiптiк жетiстiктерге жете берулерiңiзге тiлектеспiн!