Ақмола облысының ШОБ жаппай тұтынатын тауар өндірісіне бағдарланды

 Ақмола облысының ШОБ жаппай тұтынатын тауар өндірісіне бағдарланды

Ақмола облысында «қарапайым заттардың экономикасы» белсендi дамып келедi, халық тұтынатын тауарлардың кең аталымы игерiлуде. Шағын және орта бизнес объектiлерiнiң саны артып келедi, олармен күнделiктi аяқ киiм, мектеп формасы өндiрiсiнен бастап, тұрмыстық химия мен жиһаз өнiмдерiне дейiнгi түрлi тауар түрлерiнiң өндiрiсi қолға алынды. Мысалы, Ақмола облысында ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де «Самхат» ЖШС фабрикасының және Целиноград ауданында «Kazyna SR» жиһаз өндiрiсiнiң өнiмдерi кеңiнен танымал. Көкшетау қ. «Войлочная фабрика» ЖШС, «Диас» тiгiн фабрикасы» ЖШС, «Арман» СӨ» ЖШС трикотаж фабрикасы, «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС, «Гала-Косметик» ЖШС және т.б. нарықтағы өз науашаларын тапты. Табиғи ағаштан жасалған тауарлар барлығына белгiлi, олар ақмола өңiрiнiң брендiсiне айналды, атап айтқанда: Көкшетау қ. «БЛЭК» ЖШС шығарылатын белгiлi астау, ұлттық қазақ тұрмысының ыдысы. Бұл кәсiпорын бүгiнгi таңда жаңа сыртқы нарықты игеруде. Степногорск қ. «RE BIOMED» ЖШС «GENOM» косметикалық өнiмнiң өндiрiсiн жолға қойды. Аршалы ауданында «ZETA» ЖШС нарығы кең, онда ыдыс, жиһаз, үй болмысының заттары шығарылады.