Ақмола облысында орман қызметкерлерінің күні салтанатты түрде атап өтілді

Ақмола облысында орман қызметкерлерінің күні салтанатты түрде атап өтілді

Бурабай ауданында «Бурабай» орман қызметiнiң 120 жылдығы және Орман қызметкерiнiң күнi атап өтiлдi. Салтанатты iс-шараға қатысқан Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин орман саласының өкiлдерiн кәсiби мерекемен құттықтады. «Биылғы жылы бiз алғаш рет Орман қызметкерiнiң күнiн атап өтiп отырмыз. «Бурабай» ұлттық паркi — Бурабай ауданының ғана емес, сонымен қатар Бiржан сал және Бұланды аудандарының да қуатты қала құрастырушы кәсiпорындарының бiрi болып саналады. Орман шаруашылығының қызметкерлерiне мықты денсаулық, отбасылық береке тiлеймiн. Алдағы уақытта да орман қорын сақтау мен молайту iсiнде мол табыстарға жете берiңiздер», — дедi өңiр басшысы.

ҚР Президентi Iс басқармасы бөлiмiнiң меңгерушiсi Ғабит Малғаздаров, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясының басшысы Айдар Дарбаев, «Бурабай» МҰТП директоры Ғалымжан Әбдiхалықов құттықтап сөз сөйледi.

Сол күнi орман мамандығының үздiк өкiлдерi ҚР Президентi Iс басқармасының құрмет грамоталарымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң төсбелгiлерiмен, облыс әкiмiнiң және Бiржан сал мен Бурабай аудандары әкiмдерiнiң алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке концертпен аяқталды.