Көкшетау қаласында Конституция күні салтанатты түрде атап өтілді

Көкшетау қаласында Конституция күні салтанатты түрде атап өтілді

Бүгiн Көкшетауда Қазақстанның Конституция күнiне арналған салтанатты жиналыс өткiзiлдi.Iс-шараға облыстың құрметтi азаматтары, мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, шығармашылық және ғылыми интелегенцияның, қоғамдық бiрлестiктердiң, депутаттық корпустың, жастардың өкiлдерi қатысты.

Жиналғандар алдында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин құттықтап сөз сөйледi. «Қазақстанның Конституциясы — бұл заң жүзiнде iске асқан жалпы ұлттық идея. Ол қазiргi заманғы құқықтық түсiнiкте бiздiң бабаларымыздың бастандық, өз тағдырын өзi шешу мүмкiндiгi, ел тәуелсiздiгi, бүкiл әлемге танымал және сыйлы болу туралы армандарын жүзеге асырды»,– дедi өңiр басшысы.

Өз сөзiнде Мәлiк Мырзалин Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында Қазақстанның жаңа өзгерiстер алдында тұрғанын атап өттi. «Конституцияда жарияланған қағидаттарды басшылыққа ала отырып бiз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың болашаққа технологиялық ұмтылыс және қазақстандықтардың өмiр сүруiнiң жоғары стандарттары бойынша саясатын сенiмдi түрде жүзеге асырып келемiз», — дедi ол.

Одан әрi iс-шара «Назначенный временем» деректi фильмiн көрумен жалғасты, онда Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң қалыптасуы Тұңғыш Президенттiң жеке басы мен оның елiмiздiң тағдырына әсер еткен шешiмдерi арқылы көрсетiлген. Облыстық соттың төрағасы ДосжанӘмiровпен Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебiнiңдиректорыНаталья Дементьева өздерiнiң фильм туралы пiкiрлерiмен бөлiстi.