
Ақмолалықтар өз өтiнiштерiнде жұмыспен қамтуға, әлеуметтiк тұрғын үй алу мен өзге де көмек алуға қатысты мәселелерiн айтты.
Мәлiк Мырзалин Астана қаласынан Орынбай қажы Сейдiғаламұлын, Сандықтау ауданынан Мәдина Дүйсенбаеваны, облыс орталығының тұрғыны Сергей Копытовты мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға барлық көтерiлген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманың аясында шара қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, өңiр басшысына Щучинск қаласының тұрғындары Жамал Нұрқанова, Наталья Зенченко және Надежда Ковалева апатты тұрғын үйдiң орнына тұрғын үй салуда көмек көрсету жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi. Қабылдау барысында өтiнiш бiлдiрушiлерге тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.