Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау телеграммасын жіберді

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау телеграммасын жіберді

Телеграммада Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин барша ақмолалықтардың атынан Дмитрий Алексаниндi Индонезияда өтiп жатқан 2018 жылғы XVIII жазғы Азия ойындарында тамаша жеңiсiмен құттықтады.

Ақмола облысынан ойындарға барған шпажист, бүгiнгi таңда Азиада-2018 чемпионы Дмитрий Алексанинге өңiр басшысы телеграмма жолдады, онда тамаша жеңiсiмен құттықтады. «Сiз бiздiң облысымызды беделдi жарыста жоғарыдан көрсете бiлдiңiз. Мен жеңiске деген жiгерiңiз үшiн алғысымды бiлiдремiн. Сiз жаттықырушылар мен жанкүйерлердiң ғана сенiмiн атқап қоймай, Қазақстанның жоғарғы спорт мәртебесiн растадыңыз» — деп атап өттi М.Мырзалин. Дмитрийге денсаулық, жаңа спорттық жеңiстер тiледi.

Ақмола облысынан спортшы Дмитрий Алексанин кеше қылыштасудан жеке жарыстарда «алтын» медаль жеңiп алғанын естерiңiзге саламыз. Бұл медаль Қазақстан қоржынына Азия ойындарынан түскен алғашқы жүлде. Ақтық сайыста ол Олимпиада-2016 ойындарының олимпиада чемпионы Пак Сан Енаны (Оңтүстiк Корея) 15:12 есебiмен жеңдi. Ақмолалық өз жеңiсiн Қазақстанға және қайғылы қаза тапқан Денис Тенге арнады.