Ақмола облысында Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы таныстырылды

Ақмола облысында Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы таныстырылды

Бүгiн Көкшетауда «Руханижаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде академик және қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының БатырыМәлiк Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағының тұсаукесерi өткiзiлдi.

Iс-шараға Қазақстанның әр өңiрлерiнен келген шығармашылық интелегенция және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, сонымен қатар атақты жерлесiмiздiң мұрагерлерi қатысты.

Өзiнiң құттықтау сөзiнде Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин жинақтың материалдары қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық отансүйгiштiктi қалыптастыруға елеулi үлес қосатынын атап өттi.

Кiтаптың тұсау кесерi оң қоғамдық пiкiрлер тудырды. ҚазақхалықаралықПЕН-клубының президентi Бигелдi Ғабдуллин, облыстық М.Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Рахымбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлихановат. КМУпрофессоры Сәбит Жамбек өз сөздерiнде басылымның этнопедагогиканы кеңiнен танытудағы, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегi рөлiне ерекше назар аударды.

Мәлiк Ғабдуллиннiң қызы Майдан Үсенова өз кезегiнде ұйымдастырушыларға әкесiнiң ғылыми-әдеби мұраларын жаңғырту жолындағы еңбектерi мен ыстық ықластары үшiн ризашылығын бiлдiрдi.

Қазақстанның 16 өңiрiнiң орталық кiтапханаларына және Ақмола облысының аудандары мен қалаларының орталық кiтапхана жүйелерiне, мәдениет және бiлiм ұйымдарына кiтаптарды тапсыру рәсiмi салтанатты түрде өткiзiлдi.

Көптомдықтың 1000 данасы Алматы қаласында жоғары сапалы түрде басылып шығарылды. Жинақтың негiзiн академик бұрын жариялаған ғылыми мақалалар мен очерктер, сонымен қатар Мәлiк Ғабдуллин музейi қызметкерлерiнiң көпжылғы зерттеу еңбектерi құрады.Жинақты дайындауға филология ғылымдарының докторы, ҰҒА мүше-корреспондентiУәлихан Қалижанов жәнефилология ғылымдарының докторы, профессор Серiк Негимов сияқты атақты ғалымдар қатысты.

Жинақты басып шығару идеясын М.Ғабдуллин музейiнiң қызметкерлерi ұзақ жылдар бойы ұсынып келген, олар қажеттi материалдарды 2012 жылы дайындаған. 2018 жылы өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң тапсырмасы бойынша атақты жерлесiмiздiң еңбектерiн басып шығаруға қаржы бөлiндi.