Ақмола облысының тұрғындарына Астанада емделуге квота бөлінді

Ақмола облысының тұрғындарына Астанада емделуге квота бөлінді

Бүгiн, Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы медициналық орталығының мамандары халыққа тегiн кеңес беру қабылдауын өткiздi.

Өңiр халқы үшiн жоғары технологиялық медициналық қызметтiң қол жетiмдiлiгiн арттыру мәселесi бойынша облыс басшылығы мен елдiң үздiк клиникасының арасында уағдаластықтың нәтижесiнде қол жеткiзiлдi.

Жергiлiктi дәрiгерлер диагнозын нақтылау және алдағы уақыттағы емдеу тактикасын анықтау үшiн жоғары бiлiктi дәрiгерлердiң кеңесiне мұқтаж ауыр сырқттарды iрiктеп алды. Жетекшi емдеу мекемесiнiң дәрiгерлерi 9 бейiндi мамандықтар бойынша Зерендi ауданының 195 тұрғынына диагностикалық көмек көрсеттi. Дәрiгерлiк тексеру барысында пациенттерге кеңес берiлдi, бұған дейiн тағайындалған емге түзету жүргiзiлдi.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы медициналық орталығының ауруханасында 22 пациенттi госпитализациялауға және емделуiне квотаның бөлiнуi, бiрлескен жұмыстың маңызды қорытындысы болды.