Ақмола облысының әкiмдiгi «Еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, 2018 жылы жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурсты ұйымдастырушының төмендегi мекен-жайда орналасқан кеңсесiне 2018 жылғы 8 — 10 тамыз аралығында сағат 18:00-ге дейiн ұсынылады: «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» ММ, 020000, Ақмола облысы, Сәтпаев көшесi, 1А, 90-31- 22, 90-31-10, каб. 302.