Бүгiн, отырыста бiрқатар әлеуметтiк маңызды мәселелер талқыланды, атап айтқанда: облыстағы жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың ахуалы; Қазақстан Республикасында Құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешендi жоспарын жүзеге асыру; Ақмола облысында қылмыстың профилактикасы жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру туралы.
Жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы Серiк Баймұқановтың мәлiметiне сәйкес, қоғамдық тәртiптi сақтау, жастар арасында қылмыстың алдын алу, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, жергiлiктi полиция қызметi мүдделi мемлекеттiк органдармен, ҮЕҰ және жұртшылықпен бiрлесiп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлi iс-шаралар өткiзедi.
2017 жылғы қарашада прокуратура органдарымен, денсаулық сақтау және бiлiм беру мекемелерiмен бiрлескен Жоспарға қол қойылды, онда кәмелетке толмағандармен заңға қарсы әрекет жасағаны, видеобақылау жүйесiн орнату, балалардың спорттық және мәдени демалуын ұйымдастыру туралы ақпараттандырудың алгоритмi айқындалды.
2018 жылдың басынан берi оқушылар мен ата-аналарының арасында алдын алу сипатындағы 2 мыңнан астам лекция мен әңгiмелесу ұйымдастырылды. 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жасөспiрiмдердiң арасында қылмыстың төмендеу пайызы 19,4% құрады. Тұтастай алғанда, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың профилактикасы жөнiндегi жұмыс жалғастырылуда және басым бағыттардың бiрi болып қалуда.
Ата-аналарға «Ата-аналар бақылауы» қызметiне қосылу ұсынылды. «Қазақтелеком» АҚ мәлiметi бойынша облыста 16708 абонент қосылды.
Бiлiм басқармасының жанында құрылған орталықтардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегi рөлi зор, олар тәуекел тобындағы, өмiрлiк қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандармен тұрақты жұмыс жүргiзедi. Олардың iшiнен «Өмiрлiк қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсетудiң облыстық орталығын» атап өтуге болады. Кәмелетке толмағандардың мекемеде болу мерзiмi, көмекке өтiнiш бiлдiргендердiң нақтылы жағдайларына және жеке ерекшелiктерiне байланысты.
2012 жылдан берi оңалту курстарынан 246 бала өттi, оның 119-ы туған отбасыларына қайтып оралды, 36 тәрбиеленушi қорғаншылық пен қамқоршылыққа орналастырылды.
Құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешендi жоспарының аясында, жол-патрульдiк полицияны қызметтiк автокөлiкпен қамтамасыз ету, барынша қауырт көшелерде және адамдар жаппай жиналатын орындарда камералар орнату, дағдарыс орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргiзiледi.
Көкшетау қаласының әкiмi, бүгiнгi таңда облыс орталығының көшелерiнде видеобақылаудың 144 камерасы орнатылғанын хабарлады, оның iшiнде: «Интегро» зияткерлiк кешенi — 6, олар қаланың iрi көше қиылыстарында орнатылған. Сонымен қатар, барлық бiлiм беру объектiлерi, 30 аула мен 440 кiреберiс сыртқы және iшкi видеобақылау камераларымен жабдықталған. Сондай-ақ, 800-ден астам камера бизнес объектiлерiнде орнатылды. Ағымдағы жылы 5 қиылыс жаңа видеокамералармен қосымша жабдықталатын болады.
Өңiрдегi қылмыс профилактикасы жөнiндегi iс-шаралар жоспарын талқылай отырып, Ақмола облыстық прокуратураның өкiлi өзiнiң баяндамасында қылмыстардың басым бөлiгiн жұмыссыздар жасайтынына назар аударды және оны жүзеге асыру барысында бiрқатар көзқарастарды қарастыруды және жекелеген түзетулер енгiзудi ұсынды.
Облыс әкiмi азаматтарды мемлекеттiк және үкiметтiк, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламаларының және жеке бастамалардың аясында жұмысқа орналастыру бойынша тапсырма бердi. Жұмыспен қамтуды үйлестiру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың айтуы бойынша, бүгiнгi таңда «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы электрондық биржа арқылы 16400 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Отырыстың қорытындысы бойынша, өңiр басшысы облыс әкiмiнiң аппаратына қылмыстың профилактикасы жөнiндегi облыстық iс-шаралар жоспарының жаңа редакциясын дайындауды, аудандардың әкiмдерi мен облыстық басқармаларға оның орындалуы бойынша нақтылы шаралар қолдануды тапсырды.