Ақмола облысы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі бойынша бірінші үштікте

Ақмола облысы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі бойынша бірінші үштікте

2018 жылғы 19 сәуiрде әкiмдiктiң отырысында өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Ақмола облысы экономикасының барлық салаларында әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң оң қарқыны қамтамасыз етiлгенiн атап көрсеттi.

Отырыста экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров негiзгi капиталға жалпы инвестиция көлемi 2017 жылғы деңгейден 32,2% артқанын атап көрсеттi. Соның iшiнде сыртқы инвестициялар көлемi өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырған 40 % артқан.Ақмола облысы инвестициялардың өсу қарақыны бойынша республикада үшiншi орын алды.

Инвестициялар көлемiнiң өсуi өңiр экономикасының барлық салаларын дамытудың оң қарқын алуына мүмкiндiк бердi, құрылыс жұмыстарының көлемi 31%-дан аса өстi. Ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында 144,4 мың кв.м жаңа тұрғын үй пайдалануға берiлдi, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 116%.

Осы көрсеткiштi бұдан әрi жақсарту үшiн жақсы мүмкiндiктер бар. Мысалы, өңiрде жалпы соммасы 9 млрд.теңгеге әлеуметтiк саланың 40 объектiсiнiң құрылысын салу жоспарланып отыр.Экономиканың өсiмi жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал еттi.

Экономиканың тұрақты дамуының негiзгi факторларының бiрi тұтыну нарығында құнсыздану үрдiсiне жол бермеу болып табылады. Тұтыну бағаларының индексiөткен тоқсанның қорытындысы бойынша 101,4 процент құрады. Бұл көрсеткiш бойынша Ақмола облысы Қазақстан Республикасында көш бастап келедi.