Ақмола облысында жер пайдаланушылардың заңсыз әрекеттерімен табанды күрес жүргізілуде

 Ақмола облысында жер пайдаланушылардың заңсыз әрекеттерімен табанды күрес жүргізілуде

Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте Президент берген тапсырмаларды орындау аясында, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин кеңес өткiздi, астана агломерациясында жер қойнауын пайдалану саласында заңсыз қызметтiң мәселелерi талқыланды.

Көктемгi-жазғы маусым басталысымен, өңiр аумағында құрылыс құмы мен қиыршықтасты заңсыз өндiрумен айналысатын «заңсыз қазушылар» деп аталатындардың саны ұлғаяды. Нәтижесiнде, жер жамылғысы бұзылады, қоршаған орта ластанады, аудандық және облыстық бюджеттерге салық толық түспейдi.

Ағымдағы жылдың басында облыс әкiмi 2018 жылға арналған жоспарды бекiттi, оның аясында жалпы таралған пайдалы қазбалар және инерттi материалдарды заңсыз өндiрудiң фактiлерiне жол бермеу бөлiгiнде жер пайдаланудың заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар қарастырылды.

Бүгiнгi таңда, Астана агломерациясының аймағында 111 карьер әзiрлеу жүзеге асырылуда. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасымен келiсiмшарт мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзiледi, оның қорытындысы бойынша өткен жылы ғана 27 келiсiмшарт бұзылды, 29 жер қойнауын пайдаланушылардың мекенжайларына келiсiмшарт мiндеттемелерiнiң орындалмауы туралы хабарлама жолданды. Ағымдағы жылдың басынан берi 3 келiсiмшарт бұзылды.

Өңiр басшысы iшкi iстер департаментiне, көлiк инспекциясына және елорда маңы өңiрлерiнiң әкiмдерiне заңсыз жер қойнауын пайдалану фактiлерiнiң жолын кесу жұмысын белсендiрудi тапсырды.