
2018 жылы 17 сәуiрде Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Егiндiкөл ауданының активiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша және аудандық мәслихаттың келiсiмiмен тағайындалған жаңа әкiм Ерлан Шойұлы Исабековтi таныстырды.
Ерлан Исабеков — Алматы облысының тумасы. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiн математика бакалавры және магистрi мамандығы бойынша бiтiрген. «Болашақ» бағдарламасының түлегi, 2012 жылы Вашингтон қ. Джорджтаун университетiнде экономика магистрi дәрежесiн алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы № 131 мектеп-лицейiнiң математика мұғалiмi болып бастаған. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiнде әртүрлi лауазымдарда жұмыс iстедi. 2002-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кедендiк бақылау саласында, 2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнде басшылық лауазымдар атқарды.
Бүгiнгi таңға дейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мемлекеттiк-құқықтық және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлiмiнiң инспекторы болып iстедi.
Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин Ерлан Исабеков пен аудан активiне бiрқатар мiндеттер жүктедi. Ауыл шаруашылығы саласында көктемгi егiн егу науқанын сапалы жүргiзу, барлық түрлерi бойынша мал басының санын арттыру, сүттi мал шаруашылығы мен азық-түлiк өнiмдерiн өңдеудi дамыту жобаларын жүзеге асыру.
Жаңа аудан әкiмiне Кәсiпкерлiктi қолдау картасы шеңберiнде iске қосылған «Армавирский» ЖШС-iнiң жүктелуiн бақылауға алу және Кәсiпкерлiктi қолдау картасына енгiзу үшiн жаңа жобаларды қарастыру тапсырылды. Сонымен қатар, облыс әкiмi шағын және орта бизнестi, МЖӘ, тұрғын үй құрылысын дамытуға баса назар аударды. Жұмыстың басымды бағыттарының iшiнде «Рухани жаңғыру», «Денсаулық», Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламалары шеңберiнде iс-шараларды жүзеге асыру бар.