Қоғамдық кеңес Ақмола облысы әкімінің есебін тыңдады

Қоғамдық кеңес Ақмола облысы әкімінің есебін тыңдады

2018 жылдың 21 ақпаны күнi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин облыстық Қоғамдық кеңестiң мүшелерi алдында 2017 жыл iшiнде аймақтың даму қорытындылары туралы ақпаратпен сөз сөйлеп, Елбасының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауының басты 10 бағыттарын iске асыру шеңберiнде алға қойылған жоспарлармен бөлiстi.

Негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерге тоқтала келiп, облыс әкiмi өңiрде инвестиция көлемi 6,1%-ға, тұрғын үйдi пайдалануға беру 17%-ға, орташа айлық жалақының 6%-ға өскендiгiн айтты. Өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi 80 пайызға артып, еңбек өнiмдiлiгi 5,2 пайызға дейiн өстi.

Мәлiк Мырзалин агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудағы басымдықтарға жердi тиiмдi пайдалануды, сүт және ет өңдейтiн кәсiпорындардың қуаттарын жүктеудi қамтамасыз етудi жатқызды.

Кеңес мүшелерiнiң сұрақтарына жауап бере отырып, өңiр басшысы шағын және орта бизнестiң дамуы, туризм, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы жетiстiктер, автокөлiк және инженерлiк инфрақұрылымды жақсарту шаралары туралы хабардар еттi.

Талқылау барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигi, Ақмола облысының құрметтi азаматы Сағынтай Елубаев пен еңбек ардагерi Галина Марченкова облыста аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған қыруар жұмыс атқарылғанын атап өттi.

Кездесу соңында облыстық Қоғамдық кеңес 2017 жыл iшiндегi атқарушы органдардың жұмысына оң баға берiп, облыс әкiмiнiң есебiн шешiммен бiрауыздан қабылдады.