Ақмола облысының 2 ауданында ақтүтек боранның салдарын жою бойынша төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысының 2 ауданында ақтүтек боранның салдарын жою бойынша төтенше жағдай жарияланды

2018 жылдың 11 қаңтарында болған бораннан Ерейментау ауданында 3 мектеп пен Балалар шығармашылық үйiнiң шатырлары көкке ұшса, 4 ауыл жарықсыз қалды. Қазiргi кезде, табиғаттың тосын мiнезiнен зардап шеккен ғимараттар тексерiлiп, жөндеу жұмыстарына бөлiнетiн қаржының көлемi анықталды.

Сондай-ақ жарықсыз қалған елдiмекендерге электр энергиясы сол күнi қайта қосылды. Ал Аршалы ауданында 5 мектептiң шатыры бүлiнсе, 1 мектептiң шатыры толық жұлынып түстi. Бұл ғимараттарға да келтiрiлген шығын көлемi зерттелiп, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажеттi қаржы көлемi анықталды. Барлық бiлiм ордаларында қар уақытылы тазартылып, сабақ процесiне кедергi келтiрiлген жоқ.

Осыған байланысты Аршалы жəне Ерейментау аудандарының әкiмдерi табиғи сипаттағы жергiлiктi деңгейдегi төтенше жағдай жариялау туралы шешiм қабылдады. Залал келтiрiлген нысандарды жөндеуге ақша қаражаты төтенше жағдайлар резервiнен бөлiнетiн болады. Сондай-ақ айта кетейiк, Ақкөл ауданында "ҚазАвтожол" ҰҚ-ның жөндеу шеберханасы ғимаратының шатыры бүлiндi. Оны кəсiпорын өз қаражаты есебiнен қалпына келтiретiн болады. Целиноград ауданында электр жарығының өшiп қалуы бойынша 25 жағдай орын алды. Сол күнi түнгi 22:00 дейiн жарық қайта қосылды.