
ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша және Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен Қанат Ыдырысов Ақмола облысы әкiмiнiң индустрия және инвестиция мәселелерi жөнiндегi орынбасары болды. Қанат Мұратұлы Ыдырысов 1967 жылы Көкшетау қаласында туған. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын және Есеп және статистика республикалық салааралық институтын бiтiрген. Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау облысының Садовый кеңшарында агроном қызметiнен бастады. 1992-1999 жылдары Көкшетау және Ақмола облыстық салық басқармасында қызмет iстедi. 2000-2006 жылдары аралығында Атбасар ауданы бойынша салық комитетi төрағасы болды. 2006-2008 жылдары «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi директорының орынбасары болып қызмет iстедi. 2008-2018 жылдар аралығында ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң ведомсволық байланысты ұйымдарын басқару бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды.
Сонымен қатар, облыс әкiмiнiң 2018 жылғы 17 қаңтардағы өкiмiмен Ринат Галлямов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылық меңгерушiсi болып тағайындалды.
Ринат Фаатович Галлямов 1983 жылы Көкшетау қаласында туған. Көкшетау университетiн, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститетiн және Гуманитарлық-техникалық академияны бiтiрген. Еңбек жолын 2003 жылы Ақмола облыстық телерадиокомпаниясында бастады. 2003-2007 жылдары Көкшетау университетiнiң студент жастар орталығының үйлестiрушiсi, кейiнiрек тәрибе жұмыстары жөнiндегi проректор болып қызмет iстедi. 2008 жылдан мемлекеттiк қызметке ауысып, түрлi облыстық басқармаларда бөлiм басшысы болып қызмет атқарды. Соңғы жылдары Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқарманың басшысы болды.