
Ақмола облысы аумағы арқылы өтетiн «Астана-Павлодар» тас жолының бойындағы қар 20-ға жуық арнайы техниканың көмегiмен тазартылуда.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Назымбековтың айтуынша, қазiргi кезде Астанадан Ерейментау қаласына дейiнгi жолдың бойы қардан тазартылып жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 20 арнайы техника тартылған. Оған қоса, осы жолдың бойында жергiлiктi полиция қызметi және ТЖД бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi тәулiк бойы кезекшiлiк жасауда.