Облыс әкімі жеке сұрақтар бойынша тұрғындарды қабылдады

Облыс әкімі жеке сұрақтар бойынша тұрғындарды қабылдады

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жеке сұрақтар бойынша тұрғындарды қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауына Алматыдан «Сағадат Нұрмағамбетұлы» атындағы қайрымдылық патриоттық қорының атқарушы директоры Қали Қамбарұлы келдi. Кездесу барысында Қали Қамбарұлы Ақмола облысының тумасы, «Халық қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетұлының туған ауылы Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ауылын батыр есiмiмен атауды ұсынды және де сол ауылдағы мәдени ошақтарды күрделi жөндеуден өткiзуге қолдау көрсетудi сұрап, өз кезегiнде «Халық қаһарманы» атындағы қор да, ауылдың көркейтiп көгалдануына өзiндiк үлес қосатытын айтты.

Жалпы бүгiн облыс әкiмiнiң қабылдауында жер, тұрғын үй және көрме жасауға қолдау көрсету сияқты мәселелермен аймақ тұрғындары келдi. Қабылдауда болған барлық тұрғынның өтiнiшi назарға алынып, тиiстi мемелкеттiк органдарға тапсырма берiлдi.