
Бүгiн «Оқжетпес» командасы жаңартылған стадионда Тараздың футбол командасын жеңдi. Осыған дейiнгi матчтарды өзге алаңда өткiзiп келген "Оқжетпес" ойыншылары ащы жеңiлiстен көз ашпаған болатын. Бұл жолы оқжетпестiктер күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген өз стадионында "Тараз" командасын қабылдады. Стадионға жиналған "Оқжетпес" жанкүйерлерi сүйiктi командасына ерекше қолдау бiлдiрдi. "Оқжетпес" жанкүйерлерiнiң арасында аймақ басшысы Мəлiк Мырзалин да болды. Осындай қолдаудың арқасында көкшетаулықтар қонақтардан 2:1 есебiнен басым түстi. Келесi кездесудi "Оқжетпес" ФК өз алаңында Павлодардың "Ертiс" командасымен өткiзедi.