Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша және Ақмола облысы әкiмiнiң 2017 жылғы 10 маусымдағы өкiмiмен Олжас Абайұлы Бектенов Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен аппарат кеңесiнде айтылды.

Аймақ басшысы аппарат кеңесiнде экономика мәселелерi жөнiндегi өзiнiң жаңа орынбасары Олжас Бектеновты таныстырды.

Сонымен қатар, облыс әкiмiнiң өкiмiмен Қали Сұлтанахмедұлы Рахметов облыс әкiмiнiң кеңесшiсi болып бектiлдi.

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақ мемлекеттiк заң академиясын тәмәмдаған, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2002 жылы әдiлет органдарында бастады. 2005 және 2009 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрi Кеңсесiнде, кейiн ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнде әртүрлi лауазымдар атқарды. 2009-2012 жылдары ҚР Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ҚР қаржы органдарында қызмет еттi.

2015-2016 жылдары Астана қаласы Мемлекеттiк сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкiмiнiң аппарат басшысы, ҚР Президентi Хатшылығының меңгерушiсi болды. Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары қызметiне тағайындалғанға дейiн Астана қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы департаментiнiң басшысы қызметiн атқарды.