Бурабай ауданының әкімі ауысты - Ақмола облысы

Бурабай ауданының әкімі ауысты - Ақмола облысы

Ақмола облысының əкiмi Мəлiк Мырзалиннiң 2017 жылдың 26 маусымдағы өкiмiмен ҚР Президентi әкiмшлiгiнiң және аудандық мәслихат депутаттарының келiсiмi негiзiнде Қанат Серiкұлы Қарауылов Бурабай ауданының әкiмi болып тағайындалды.

Аудан активiне жаңа басшыны таныстырған облыс әкiмi өңiрде бiрiншi кезекте шешiлуге тиiстi мiндеттер мен Елбасының тапсырмаларына тоқталып, ауданның жаңа әкiмiне алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсеттi. Сонымен бiрге, ол аудан активi алдында жаңа әкiмге сенiм бiлдiрiп, белсендi жұмыс iстеуге шақырды. Өз кезегiнде ауданның жаңа әкiмi Қанат Қарауылов өзiне көрсеткен зор сенiмдерi үшiн облыс әкiмi мен депутаттарға алғысын бiлдiрiп, осы сенiмнен шығуға бар күш-жiгерiн аянбайтындығын жеткiздi.

Қанат Серiкұлы Қарауылов 1971 жылдың 16 ақпанында Целиноград облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қаржы және несие мамандығы бойынша Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын бiтiрдi. Еңбек жолын 1999 жылы «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» ЖАҚ Астықты сақтау, өткiзу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы Көлiк-экспедициясы бөлiмiнiң жетекшi маманы болып бастады. 1999-2003 жылдары — «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» АҚ Астықты сақтау, өткiзу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы Келiсiмшарт бөлiмiнiң жетекшi маманы, бас маманы, Сатып алу және өткiзу басқармасының басшысы. 2003-2006 жылдары — «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» ЖАҚ Ақмола облыстық өкiлдiгiнiң директоры, «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» Астықты сатып алу және сату департаментiнiң басқарушы директоры, директоры; 2006-2007 жылдары — «Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауды кепiлдендiру қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2007-2008 жылдары — «ҚазАгроКепiл» АҚ басқармасының төрағасы. 2008-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлiмiнiң меңгерушiсi, стратегиялық және инновациялық даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы аппаратының басшысы. 2013-2014 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi. 2014-2015 жылдары — Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары — «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары. 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медальдарiмен марапатталған.