
Ақмола облысының әкiмдiгi мен «Тұрғын үй-құрылыс жинақ бан¬кi» АҚ өзара әрiптес¬тiк туралы меморанду¬мға қол қойды. Әкiмдiкте өткен кезд¬есуде аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин мен «Тұрғын үй құрылыс жи¬нақ банкi» АҚ Басқар¬ма төрайымы Ләззәт Ибрагимова өңiрде «Нұ¬рлы жер» бағдарламас¬ын жүзеге асыру мәсе¬лелерiн қарастырды. Аймақ басшысының айт¬уынша, аталмыш меморандум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындарды қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз ету туралы жүктеген мiндеттерiн жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. «2012-2016 жыл¬дар аралығында облыс аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарлама¬сын жүзеге асыру бағытында «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның салымшылары үшiн 51,7 мың шаршы метр немесе 600 пәтер пай-далануға берiлдi. Жыл басынан берi «Н¬ұрлы жер» бағдарлама¬сын жүзеге асырыла бастады. Бағдарламада баспана мәселесiн шешудiң жаңа тиiмдi жолдары қарастырылған», — дедi М.Мырзалин.
Басқар¬ма төрайымы Ләззәт Ибрагимованың сөзiне қарағанда, елiмiздегi тұрғындардың көбi «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi» АҚ салымшылары. Оларды сапалы әрi арзан баспанамен қамтамасыз ету туралы банктiң басты мiндетi болып табылады. «Статистикалық деректерге қарағанда Қазақстанда тұрғын үй салу бойынша өткен жылы рекордтық көрсеткiш, яғни, 10,2 миллион текше метр баспана пайдалануға берiлдi. 2017 жылдың бiрiншi тоқсанында 3,2 миллион текше метрдi құрады. Ал, Ақмола облысына келетiн болсақ, жыл соңына дейiн барлығы 400-500 пәтердi пайдалануға беру көзделген. Осыдан-ақ, қазақстандықтарды қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз етуде «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның рөлi зор екенiн байқауға болады. Жалпы, Ақмола облысы əрбiр тоғызыншы тұрғыны бiздiң банк салымшысы болып табылады», — дедi Ләззәт Ибрагимова.
Кездесу қортындысында, тараптар өзара ынтымақтастық жөнiнде меморандумға қол қойды. Бұл келiсiм өңiрде Президент бастамасымен елiмiзде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасының Ақмола облысында одан әрi дамытуға серпiн бередi.