Аймақ басшысы облыстың бірқатар ірі өндірістік нысандарының жұмысымен танысты

 Аймақ басшысы облыстың бірқатар ірі өндірістік нысандарының жұмысымен танысты

Бүгiн аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин Көкшетау қаласында орналасқан полиэтилен және полипропилендi қап, сондай-ақ биг-бег типтi контейнерлер шығарумен айналысатын «Новопэк» ЖШС қызметiмен танысты. «Новопэк» серiктестiгi отандық кәсiпорындардың iшiнде ұнтақ заттарға арналған қаптама шығару өндiрiсiнде көшбасшы саналады. Жұмысын 2003 жылы бастаған кәсiпорын бүгiнде өндiрiс көлемiн ұлғайтып, өнiм түрлерiн де көбейткен. Фабрика айына он миллионнан астам берiктiлiгi жоғары қаптар мен жүз елу мыңға жуық биг-бег типтi контейнерлер шығарады.

Компания өнiмi бүгiнде елiмiзде ғана емес, жақын шет елдерде де үлкен сұранысқа ие. «Рейсейдегi қант салатын қаптаманың әрбiр үшiншiсi бiздiң фабрикада дайындалған», — дейдi кәсiпорын басысы Айдар Жақыпов.

Зерендi ауданында облыс әкiмi «MilkProject» ЖШС-да болды. Мекеме құрылтайшысы, Валерий Маначинский Мәлiк Мырзалинге сүт өндiрiсiнiң технологиясын көрсеттi.

2012 жылы мұнда ҮИИДБ аясында жылына 16,5 млн. литр сүт беретiн «Табиғи асептикалық сүт өңдеу зауытын жаңғырту бойынша қосымша желi» жобасы енгiзiлген. Зауытты шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн аудандарда төрт сүт қабылдау орындарын аштық. Олар тәулiгiне 15 тоннаға дейiн сүт қабылдайды. Бiрақ бұл шикiзат зауытты толық қуаттылығына ендiру үшiн аздық етедi.

Облыс әкiмi бүгiнде Елбасының тапсырмасы бойынша өңiрде ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру бойынша жұмыстардың белсендi жүргiзiлiп жатқандығын айтты. Олар осындай зауыттардың әрi қарай дамуына, атап айтқанда өндiрiстi жүктеуге көмектесетiн болады дедi.

Бүгiнде «MilkProject» ЖШС өнiмдерi Астана, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында және Ресейдiң Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы қалаларында үлкен сұранысқа ие.

Сондай-ақ осы күнi Мәлiк Мырзалин Зерендi ауданындағы «AltyntauKokshetau» АҚ жұмысымен де танысты.

Мұнда ҮИИДБ аясында 2010 жылдың мамыр айында құны 58 млрд теңге тұратын алтын шығару фабрикасының құрылысын салу жобасы жүзеге асырылған. Оның өндiрiстiк қуаттылығы жылына 12,5 тонна Доре алтын құймасын құрайды.

Кәсiпорын басшысы Игорь Когайдың мәлiмдеуiнше Васильковка кен орны инфрақұрылымын салу жобасы Қазақстанның металургиялық кәсiпорындарының арасындағы ең iрiлерiнiң бiрi. «AltyntauKokshetau» тау-кен фабрикасы» өзiнiң өндiрiстiк қуаттылығы жағынан ТМД елдерiнде ең iрi болып саналады. Ол толық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Әрi қарай Васильковка тау-кен орнын игерудi көздеудемiз», — дедi И. Когай.

Фабрикада өңiр басшысы өндiрiс технологиясымен және жұмыс барысымен танысты. Мамандардың айтуынша бұл жерде шамамен 30 жылға жететiн шикiзат қоры бар.

Фабрика жұмысымен танысқан облыс әкiмi мекеменi облыстың экономикасына оңтайлы әсер ететiн және Көкшетау қаласы мен Зерендi ауданының 2500 тұрғынын жұмыспен қамтып отырған өңiрдiң iрi инвестициялық жобаларының бiрi екендiгiн айтты.