
Сандықтау ауданында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiрiншi медиаорталығы» РҚБ, «Көкшетау-Транс-Газ» ЖШС және «Жасыл Ел — Group» ЖШС-лар үш тоннадан артық азық-түлiк жеткiзiп, тұрғындардың газ баллондарын тегiн толтырып бердi.
Қазақстанның Коммунистiк Халық Партиясының Ақмола облыстық комитетi бюросы 400 мың теңгеден астам қаражатқа зардап шегушiлерге алғашқы қажеттiлiк заттарын алып бердi.