Ақмола облысында 17 сәуірден бастап санитарлық тазалау мен көгалдандыру айлығы басталмақ

 Ақмола облысында 17 сәуірден бастап санитарлық тазалау мен көгалдандыру айлығы басталмақ

Бүгiн облыс әкiмдiгiнде өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен су тасқынының алдын-алу шаралары мен облыстың елдi мекендерiн абаттандыру мәселелерi бойынша аппараттық жиналыс болып өттi.

Тасқын судың алдын-алу жөнiндегi жасалып жатқан iс-шаралар туралы облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаментi бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов мәлiмдедi.

М.Шапағатовтың мәлiметi бойынша өңiрде 11,8 шақырым каналдар аршылып, 32,2 шақырым арықтардың бөгеттерi жөнделген. Оған қоса, 13 су су өткiзу қондырғылары бекiтiлiп, 1,6 шақырым жерге үйiндi бөгеттер тұрғызылған, 190 м аумақта жағалаулар мен өзен ағысын бекiту жұмыстары жүргiзiлген. Осыған қарамастан бүгiнде Астрахан, Аршалы, Атбасар және Целиноград аудандарында қауiптiң жоғары қатерi сақталады.

«Облыстың қалалар мен аудандарындағы жергiлiктi атқарушы органдары мен азаматтық қорғаныс жүйесi қалайда төтенше жағдайды болдырмаудың алдын алуда», — дедi М.Шапағатов.

Баяндамашының мәлiметiн тыңдаған өңiр басшысы аудандар мен қала әкiмдерiне тез арада жауын кәрiздерiн, су ағатын арықтар, өзен ағыстарын қоқыстан және қар суынан тазартып, су деңгейi мен гидротехникалық қондырғыларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Оған қоса, аймақ басшысы мүдделi мемлекеттiк органдарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның iшiнде әлеуметтiк желi арқылы, тұрғындар арасында су тасқынының алдын алу шаралары бойынша түсiнiк жұмыстарын жүргiзудi жүктедi.

Сондай-ақ жиналыс барысында 17 сәуiр — 20 мамыр аралығында облыс бойынша өтетiн санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының дайындық барысы да пысықталды.

«Осы бағыттағы жұмыстар басталып кеттi», — деп мәлiмдедi Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко.

Өз кезегiнде Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкiров облыста 3 орман питомниктерi бар екендiгiн, оларда бүгiнгi күнi 13 млн. түп көшет өсiрiлiп жатқандығын жеткiздi.

«Бүгiнгi күнi облыстың батыс бөлiгiн ағаш көшеттерiмен қамтамасыз ету үшiн тағы бiр орман питомнигiнiң жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Биылғы көктемде 96 мың данадан астам ағаш көшеттерi отырғызылып, 1700 гектар аумақты орманға айналдыруды көздеудемiз», — дедi ол.

Осы мәселе бойынша М.Мырзалин шаруашылық субъектiлерiн, қоғамдық ұжымдар, коммерциялық құрылымдар, тұрғындарды тарту бойынша жұмыстарды белсендiрудi тапсырды.

«Астана маңындағы аумақ болғандықтан бiз өз беделiмiзге сай болуымыз керек. Әр аудан, қала әкiмдерi өздерiне сенiп тапсырылған аумақтың тазалығы мен сырт келбетiн қадағалап отырулары керек. Бұл мәселе ерекше бақылауда болсын», — дедi өңiр басшысы.