Көкшетауда Қопа көлінің жағасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Көкшетауда Қопа көлінің жағасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы аймақ басшысы Мəлiк Мырзалиннiң облыс орталығындағы əлеуметтiк-өндiрiстiк, коммуналдық нысандарды аралаған кезiнде айтылды.

Аймақ басшысы алдымен Көкшетау қаласының 2030 жылдарға дейiнгi детальдық жоспарлау жобасымен танысты. Оның iшiнде Қопа көлiнiң жағасын қалпына келтiру жұмыстары қарастырылған. Қазiргi кезде көл жағасын бойлай орналасқан ескi үйлер сүрiлiп, абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде.

Жалпы, бұл аумақтағы 31 үйдi сүру жоспарланған. Ол үшiн қала бюджетiнен 384 миллион теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың ақпанында осы аумақтағы жер телiмдерi мен жылдымайтын мүлiктi мемлекет қажеттiлiгiне алу туралы Көкшетау қаласы әкiмiнiң қаулысы шыққан болатын. "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiмен Береговая көшесiнiң бойындағы жылдымайтын мүлкiмен бiрге жер телiмдерiн сатып алу туралы келiсiм шаралары жүргiзiлдi", деп түсiндiрдi қала әкiмi Ермек Маржықпаев. Аймақ басшысы көл жағасы аумағын абаттандыру қажеттiгiн айта келе, бұл бағытта қолға алынған жобаны қолдайтынын айтты. Сонымен қатар Мəлiк Мырзалин Горький-Северный жəне Горький-Əуезов көшелерiнiң қиылысындағы көлiк ағынын реттеу үшiн жол айырығын салу жоспарымен танысты.

Оған қоса аймақ басшысы Капцевич жəне 8 Наурыз көшелерiнiң бойындағы су кiрген үйлердегi су сору жұмыстарымен танысты. Облыстық ТЖД басшысы Алексей Советовтың мəлiметi бойынша су сору шараларына тартылған техникалар тəулiк бойы үзiлiс жұмыс iстеп, су басқан аумақтар судан тазартылды. Аймақ басшысы тиiстi қызметтерге облыс жəне қала бойынша су тасқынының қаупi жоғары аумақтарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.