Облыс бюджеті нақтыланды

 Облыс бюджеті нақтыланды

Бүгiн өңiр басшысы М.Мырзалиннiң қатысуымен алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектi тоғызыншы сессиясы өтiп, онда 30 мәселе қаралды.

Сессия барысында өңiрдiң негiзгi әлеуметтiк-маңызды тапсырмаларын шешуге 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттi нақтылау бойынша бiрқатар құжаттар мақұлданды. Осылайша, қайта қаралған бюджет параметрi мен жыл басында қордаланып қалған қалдық қаражат теңгерiмi 2016-2017 жылғы жылу беру маусымын уақытылы аяқтау мен жаңа жылу беру маусымына сәйкесiнше дайындықты қамту үшiн жоданатын болды.

Сондай-ақ, жаңа бюджетте әлеуметтiк сала, тұрғын үй құрылысы, инженерлiк
инфрақұрылым нысандарын жөндеу мен қайта тұрғызу бойынша
инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да қаражат қарастырылды. Оған қоса, салалық министрлiктерге жобаларды әрi қарай жүзеге асыру үшiн уақытылы жолдау бойынша, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау iс-шаралары қарастырылды.

Одан өзге, әлеуметтiк сала құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртiптi қамтуын дамытуға да көп көңiл бөлiндi. Ендi арнайы бөлiнген қаражат есебiнен жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, аталмыш салаларда материалдық-техникалық жабдықтау қамтылатын болады.

Кездесу барысында өңiр басшысы өзiне сенiм бiлдiрген депутаттарға алғысын айтты. «Жақында Елбасымыз Ақмола облысына сапары барысында облыс активiнiң алдына ауыл шаруашылығы секторын одан әрi дамыту, индустрия мен туризм саласын, шағын және орта бизнестi жандандыруға қатысты бiрқатар мiндеттер қойған едi. Бұл тапсырмаларды уақытылы орындау Ақмола облысы тұрғындарының және жалпы елiмiздiң әл-ауқатының артуына септiгiн тигiзетiн болады», — дедi әкiм.