Сергей Кулагин 790 метр тереңдiкке түстi

Сергей Кулагин 790 метр тереңдiкке түстi

Ақмола облысының əкiмi Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Степногор қаласында болып, өңiрдiң əлеуметтiк-экономикалық дамуымен танысты.

Аймақ басшысы «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның Бестөбе кентiндегi «Западная» шахтасында 790 метр тереңдiкке түстi. Онда кен өндiру көлемiн арттыру мақсатында пайдалы қазбаларды тасымалдау үшiн өткен жылы орнатылған көтеру механизмiнiң жұмысымен танысты. Шахтерлермен кездесiп, жағдайларын бiлдi.

Шахта басшысы Əдiлхан Қалиевтiң айтуынша, «Западная» шахтасының жылдық қуаты 600 мың тонна руданы құрайды. 2015-2016 жылдары құрамында алтыны бар 240 мың тонна руда алынды. Шахтаның жалпы тереңдiгi 880 метр болса, оның 790 метрiнде ғана кен өндiру жұмыстары жүргiзiлуде.