Меню

Страницы

Статья

Ақпарат Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еріктілер қозғалысы орталығының Ашық есік күні

ҚР Президентiнiң Жарлығымен 2020 жыл Ерiктiлер жылы деп жарияланды.

Жарлықты орындау мақсатында өңiрлiк Достық үйлерiнiң базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ерiктiлер қозғалысының орталықтары құрылды.

2020 ж. 17 қаңтарында облыстық Достық үйiнде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ерiктiлер қозғалысы орталығының бiрыңғай Ашық есiк күнi өттi.

Облыстық мәслихаттың депутаты, Чуваш этномәдени орталығының төрайымы Е. И. Мащинская құттықтау сөз сөйледi.

Iс-шара аясында орталық жұмысының тұжырымдамасының тұсаукесерi өттi. «Қоғамдық келесiм» КММ жауапты қызметкерi Д. Т. Какпенова ерiктiлiктiң басты қағидаларының бiрi әркiмнiң өз қалауы болып табылатынын атап өттi. Ерiктiлiк қызметтiң бағытына қарамастан, әрбiр адам орталықта жазбаша немесе онлайн сауалнама арқылы тiркеле алады.

Орталық жетекшiсi, «Санги-Кабуд» тәжiк ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шоназаров У. Ф. — ҚХА ерiктiлер қозғалысының негiзгi бағыттары, оның қызметiнiң құрылымы туралы әңгiмеледi.

ҚХАА Ерiктiлер қозғалысы орталығының үйлестiрушiлерi «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы — Осиненко Г. В., қоғамдық медитор — Сыздыкова Ғ. И., «Жаңа толқын» ерiктiлер қозғалысының жетекшiсi — Каппасова Ж., «Ақмола жастары» спорттық қозғалысының директоры — Курмалин Р. сөз сөйлеп, өз қызметiнiң бағыттары — әлеуметтiк көмек, медиацияны дамыту, бiлiм беру және спорт туралы толық айтып, сондай-ақ ерiктiлердi оқытуға, олардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтарға жауап бердi.

Одан кейiн сөз алған «Видергебурт» Ақмола облыстық немiстер қоғамы» ҚБ жастар клубының жетекшiсi Бильман Н., «Жас Отан» жастар қанатының жетекшiсi Бекешев С. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдап, Ерiктiлiк қызметтi ұйымдастыру тәжiрибесiмен бөлiстi.

ҚХАА ерiктiлер қозғалысы орталығының құрамына этномәдени бiрлестiктердiң, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкiлдерi, колледж және мектеп оқушылары кiрдi. Шара концерттiк бағдарламамен аяқталды. Оған 170 адам қатысты.

Iс-шараның қорытындысы бойынша алдын ала қорытынды жасалды. 92 қатысушы ҚХАА ерiктiлер қозғалысының орталығына мүшелiкке кiрдi.

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы