Меню

Страницы

Статья

Қорған және Ақмола ассамблеяларының ынтымақтастығы туралы келісім

2020 жылдың 21-22 қаңтар күндерi Ресей Федерациясы мен Қазақстанның алдағы XVII өңiраралық ынтымақтастығы аясында құрамында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi М. Ю. Тохаева, ҚХАА мүшесi, «Лад» республикалық славян қозғалысы» ҚБ төрағасы М. Б. Крамаренко бар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының делегациясы Қорған облысында болды.

Сапар барысында делегация Ресей халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына арналған Орал халықтары Ассамблеясы Кеңесiнiң кеңейтiлген отырысына қатысты.

Кездесу Орал халықтары Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюмен аяқталды.

Айта кету керек, құжат этносаралық қатынастар саласында тәжiрибе алмасып қана қоймай, екi өңiр арасындағы мәдени байланыстарды дамытуды көздейдi.

Келiсiм — Қазақстан мен Ресейдiң Ассамблеялар, этномәдени бiрлестiктерi арасындағы өңiраралық ынтымақтастықты дамытудағы бiрiншi кезеңi екендiгi атап өтiлдi. Келесi қадам-ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм саласында қазақстан-ресей шекара маңы ынтымақтастығының тұрақты жұмыс iстейтiн өңiраралық алаңын құру.

Cапар барысында Ақмола облысының делегациясымен Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Қайрат Ораловпен және Орал халықтары Ассамблеясының негiзiн қалаушылардың бiрi Бижiгiтов Боранбаймен кездесулер өттi.

Дата публикации
28 апреля 2020
Дата обновления
28 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы