Меню

Страницы

Статья

Жастарға ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы үлгісінде тәрбие беру

2020 ж. 21 ақпан күнi «Қоғамдық келiсiм» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесiнiң және «Қазақ тiлi мен мәдниетi» ҚБ ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған iс-шара өткiзiлдi.

Iс — шараның мақсаты-қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмiрi мен шығармашылығы мысалында жастарға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру. Iс-шараға Көкшетау қаласының мектеп оқушылары, этномәдени бiрлестiктерiнiң жастары қатысты.

Өзiнiң құттықтау сөзiнде облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушiсi М. Ю. Тохаева Қазақстан Республикасы азаматының және жеке тұлғаның қалыптасуын анықтайтын, өскелең ұрпақтың жоғары моральдық қасиеттерiн тәрбиелеудегi Аналар кеңестерiнiң рөлi ерекше екендiгiн атап өттi.

«Қазақ тiлi мен мәдениетi» ҚБ төрағасы М. Қ. Қиықов мемлекеттiк тiл мен патриот азаматты қалыптастырудағы бiлiмнiң рөлi, Абай шығармашылығы мысалында оның мiнез-құлық мәдениетiн дамыту туралы айтты.

Абай жастарды тәрбиелеуде отбасы тәрбиесiне ерекше мән бердi. № 17 және № 18 қалалық мектептерде, қалалық қазақ кiтапханасында бiрнеше жылдан берi «Мәншүк», «Қыз Жiбек» және «Үкiлiм-ай» қыздар клубтары жұмыс iстейдi. Онда жас қыздармен тәжiрибелi педагогтар, көп балалы аналар қазақ мәдениетiнiң салт-дәстүрлерiнiң негiзiнде ошақ сақтаушыларын тәрбиелеу жұмыстарымен айналысады.

Клуб мүшелерi Абайдың өлеңдерiн ортаға салып, театр қойылымын ұсынды.

Аналар кеңесiнiң мүшесi, қолөнер шеберi Ү. К. Ементаева ақынның мерейтой күнiне орай Абай өлеңдерiмен өрнектелген кестесiн қатысушылар назарына ұсынды.

Қалалық қазақ кiтапханасының жанында ұлы ойшыл, ақын, ағартушының шығармашылығын насихаттау мақсатында Абай орталығы жұмыс iстейдi. Қатысушыларға осы орталықтың жұмысы туралы бейнефильм көрсетiлдi.

Iс-шара белсендi қатысушыларға облыстық ассамблея атынан алғыс хаттарын табыстау рәсiмiмен аяқталды.

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы