«Ақмола облыстық «Видергебурт» немiстер қоғамы» қоғамдық бiрлестiгi қызметiн «Возрождение» республикалық қоры бөлетiн грантты жыл сайын жүзеге асырады.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесi Корнеева Светлана Георгиевна басқаратын этномәдени бiрлестiктiң немiстердiң тiлiн, мәдениетi мен дәстүрлерiн дамытуға, халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтiк, бiлiм беру және мәдени жобаларды iске асыру бойынша үлкен жұмыс тәжiрибесi бар.
Қазiргi уақытта бөлiнген грант аясында этномәдени бiрлестiк 10 жобаны жүзеге асырады, оның iшiнде балаларға немiс тiлiн үйрету, «Немiс тiлi мұғалiмi» мамандығы бойынша студенттердi оқыту, «Вундеркинд» мектепке дейiнгi бiлiм беру орталығының қызметi, этнос дәстүрi мен әдет-ғұрпын насихаттау, жастар қозғалысын дамыту бағыттары бар. Бiлiм беру, мәдени жобалармен немiс ұлтының тұлғалары ғана емес, басқа да этностар өкiлдерi қамтылған. Барлығы 3500-ден астам адам.
Онда аз қамтамасыз етiлген азаматтарға медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, жалғыз басты қарт адамдарды қолдауға, оларға дәрi-дәрмек алуға, мұқтаждарды азық-түлiкпен қамтамасыз етуге, еңбеккерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Мұқтаж азаматтарды әлеуметтiк-гуманитарлық қолдау» жобасы маңызды орын алады.
Елiмiзде кароновирустық инфекция пандемиясы қаупiне байланысты төтенше жағдайдың енгiзiлуiне байланысты облыстық қоғамдық бiрлестiк халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына, мүгедектерге, қарт азаматтарға, созылмалы аурулары бар адамдарға көмек көрсету қызметiн жандандырды. 30 наурыздағы жағдай ойынша осы санаттағы адамдарға GOVID-19 жеке қорғану құралдары бар 20 медициналық пакет таратылды.
Өздерiнiң барлық iс-шараларын облыстық «Видергебурт» қоғамдық бiрлестiгi «Бiз бiргемiз» ұранымен жүзеге асыруда.