Меню

Страницы

Статья

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттiк қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Қоса берiлiп отырған:

«Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне тұрғын үй беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.Е. Мысырәлiмоваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                            М. Мырзалин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№А-1/610 қаулысымен
бекiтiлген

«Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмнiң көшiрмесi (бұдан әрi — бұйрық жобасы), не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 139 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11276 болып тiркелген) бекiтiлген «Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 — тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттiң) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi және басшылыққа тапсыруды жүзеге асырады — 15 минут;

Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаса және (немесе) мерзiмi өткен құжаттарұсынған жағдайда өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) басшылық қызмет алушының құжаттармен танысады — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi және «Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi — Комиссия) отырысына ұсынады — 1 күнтiзбелiк күн;

4) Комиссия ұсынылған құжаттарды 26 күн iшiнде қарайды. Отырыста қарау кезiнде «Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе берудi ұсынады немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды;

5) жауапты орындаушы Комиссия хаттамасының негiзiнде спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» туралы шешiм материалдарын дайындайды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы негiзделген жауап бередi — 1 күнтiзбелiк күн;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы барлық материалдармен танысады — 1 сағат;

7) жауапты орындаушы спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру шешiмнiң көшiрмесiн немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы негiзделген жауапты бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (әрекеттердi) бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша рәсiмдер (әрекеттер) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) құжаттарды тексеру, спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмдi немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты дайындайды;

4) спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмге немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапқа қол қояды;

5) спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмнiң көшiрмесiн немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

4) Комиссия.

8. Әрбiр рәсiмнiң ұзақтығы көрсетiлген құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды бұрыштама қою үшiн басшылыққа жолдайды — 15 минут;

Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаса және (немесе) мерзiмi өткен құжаттарұсынған жағдайда өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы бұрыштама қойып, құжаттарды жауапты орындаушыға жiбередi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерiп, оларды Комиссия отырысына дайындауды жүзеге асырады — 1 күнтiзбелiк күн;

4) Комиссия ұсынылған құжаттарды келiп түскен күннен бастап 26 (жиырма алты) күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды. Отырыста қарау кезiнде комиссия спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы немесе мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

5) жауапты орындаушы спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы материалдарды немесе мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы жауапты әзiрлейдi — 1 күнтiзбелiк күн;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмге немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы негiзделген жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) жауапты орындаушы спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмдi немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы негiзделген жауапты бекiтедi — 15 минут;

8) көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесi спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешiмнiң көшiрмесiн немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы негiзделген жауап бередi — 15 минут.

Рәсiмдердiң (әрекеттердiң) бiрiздiлiгiнiң нақты жазбасы, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi қызмет көрсетушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлердiң) өзара қарым-қатынасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес бизнес-процестерiнiң анықтамалығында бейнеленедi.

Қосымша

Дата публикации
18 января 2018
Дата обновления
19 января 2018
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы