«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Қоса ұсынылып отырған «Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын жою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
2.Осы қаулының орындауын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары О.А. Бектеновке жүктелсiн.
3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi М. Мырзалин
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 09 қаңтардағы
№ А-1/14 қаулысымен
бекiтiлдi
«Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын жою»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын жою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын тiркеу саласында қызмет атқаратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi:
мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын жойған кезде — азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын жою туралы тiркеушi органның жауабы;
әке болуды анықтау туралы, бала асырап алу (алғашқыда қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалпына келтiрумен), атын, тегiн және әкесiнiң атын ауыстыру туралы акт жазбаларын жою кезiнде –бастапқы деректерiмен қоса қайтадан туу туралы куәлiк, қажет болған жағдайда туу туралы анықтама;
неке бұзу туралы акт жазуының күшiн жою кезiнде– тиiстi неке жасасу туралы куәлiк;
немесе Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген «Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын жою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағында қарастырылған жағдайларда және негiздер бойынша тұлғалығын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қағаз тасығышта мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдердi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;
2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 28 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жолдау және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, ол туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарланады;
сот шешiмiнiң негiзiнде — 14 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жiберу қажеттiлiгi кезiнде, қарау мерзiмi 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарлау арқылы 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады;
4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;
5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;
2) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;
3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;
4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;
5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 27 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жолдау және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, ол туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарланады;
сот шешiмiнiң негiзiнде –14 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жiберу қажеттiлiгi кезiнде, қарау мерзiмi 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарлау арқылы 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады;
6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;
7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;
8) ауылдық округтiң әкiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 20 минут.
6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;
2) жауапты орындаушыны белгiлеу;
3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;
4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;
5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
1) кеңсенiң қызметкерi;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы.
4) ауылдық округтiң әкiмi.
8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:
Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 28 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жолдау және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, ол туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарланады;
сот шешiмiнiңнегiзiнде — 14 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жiберу қажеттiлiгi кезiнде,қарау мерзiмi 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарлау арқылы 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады;
4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;
5) кеңсенiң қызметкерiкөрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiш бiлдiрген кезiнде:
1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;
2) ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;
3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады– 20 минут;
4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;
5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды — 27 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жолдау және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, ол туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарланады;
сот шешiмiнiң негiзiнде — 14 күнтiзбелiк күн, басқа мемлекеттiк органдарға сұраныс жiберу қажеттiлiгi кезiнде, қарау мерзiмi 3 күнтiзбелiк күннiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға хабарлау арқылы 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады;
6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;
7) кеңсенiң қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ауылдық округтiң әкiмiне жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;
8) ауылдық округтiң әкiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн қызметтi алушыға жолдайды — 20 минут.
9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн нақтылы сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл жасау тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.