«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептердің жария талқылауларын жылына кемінде бір рет өткізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2021 жылғы қызметі туралы есепке (бұдан әрі – Есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер қосылды.
Мемлекеттік қызметтер 16 басқармамен және олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарымен, 20 аудандық (қалалық) әкімдіктерімен, оның ішінде дербес бөлімдерімен, білім ұйымдарымен, ауыл, кенті, ауылдық ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарымен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ЖАО 173 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – мемқызметтің 148 түрі, ақылы негізде – мемқызметтің 18 түрі, ақысыз/ақылы түрде – мемқызметтің 7 түрі.
2021 жылы 7 млн. 250 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің 96% ақпараттық жүйелер, электронды үкімет порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
«Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру», «Жедел медициналық көмек шақырту» денсаулық сақтау саласының қызметтері бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер айқындалды.
Есептік деректерді талдау көрсеткендей, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 94,3% денсаулық сақтау саласына тиесілі. 2021 жылы осы салада 6 842 909 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 5 893 619 қызмет кешенді медициналық ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген, бұл электрондық түрде көрсетілген қызметтердің жалпы санының 86,1%-ын құрайды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініштердің үлгілері және т.б.).
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардың парақтарында орналастырылады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында, оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- «еGov mobile» мобильді қосымшасын қолдану бойынша 237 баннер орнатылды;
- «еGov mobile» мобильді қосымшасын насихаттау бойынша 113 ақпараттық еден тіреуі орнатылды;
- «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 016 бұрышы, сонымен қатар 197 өңірлік әкімдікпен, 819 басқармамен және олардың ведомстволық бағынысты органдарымен ашылды;
- мобильді азаматтар базасында 36 520 ұялы телефон нөмірі тіркелді;
- Damumed қосымшасында 199 305 адам тіркелді;
- БАҚ-тарда 6 150 түсіндіру материалы жарияланды;
- 100 қызмет түрі ЭЦҚ қолданусыз бір реттік құпия сөз арқылы қолжетімді болды;
- онлайн-форматта мемлекеттік қызметтердің 54 жәрмеңкесі өткізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
ЖАО қызметтерінің 173 түрінің 156 түрі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтердің 154 түрі немесе 98,7%, Ақмола облысы ЖАО-ның жеке ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтердің 2 түрі немесе 1,2% көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы органдардың балансында 2 ақпараттық жүйе бар:
мемлекеттік қызмет көрсетудің 2 түрі көрсетілетін электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі (2012 жылдан бастап Ақмола облысында электрондық үкіметтің «өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді);
«Akmola.kz» ақпараттық жүйесі (мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің 3 түрі).
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ халықтың көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында, Ақмола облысы әкімдігінің бастамасы бойынша БКБ режимінде және ZOOM арқылы 11 оқыту семинары өткізілді. Оқытумен облыстың жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушілерінің 2163 қызметкері қамтылды. Семинарлар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Сонымен қатар, 225 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Ақмола облысының әкімдігіне көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 9 жолданым келіп түсті.
| Шағым беруші туралы мәліметтер | Шағымның мәні | Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) | Қаралған күні | Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № | Қабылданған шешім | Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| А.К. Елеуов | некені (жұбайлылықты) бұзу туралы жолданымға жауап бермеуге қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 25.02.2021 | ЖТ-Е-206 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| «СВ Альянс» ЖШС | мемлекеттік қызмет көрсету сәйкестілігінің, сондай-ақ жер комиссиясы отырысының аудио/бейне жазбаны ұсынудың мәніне | Ақмола облысының әкімдігі | 02.08.2021 | ЗТ-2021-00552392 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| М.К. Қасымов | «электрондық үкімет» порталында «мекенжайын өзгерту туралы» Қосшы қаласы мәртебесімен анықтама беруге қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 09.08.2021 | ЖТ-2021-00578494 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| Б.С. Қаражігітов | зейнеткерлікті рәсімдеуге қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 27.10.2021 | ЖТ-2021-00882887 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| М.К. Қасымов | «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 29.10.2021 | ЖТ-2021-00891177 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| С.А. Әбікеев | «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша негізсіз бас тартуға қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 12.11.2021 | ЖТ-2021-00906079 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| М.К. Көпбаев | жер учаскесін сигменттеуге қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 15.11.2021 | ЖТ-2021-00955477 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| «ЮрSADA» заңды кеңес | жекешелендіру мақсатында ақпараттық жүйелерде коммуналдық мүлікті (тұрғын үйді) сәйкестендіруге қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 07.12.2021 | ЖТ-2021-01031314 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
| Д.С. Мұхажанова | тұрғын үйге кезекке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға қатысты | Ақмола облысының әкімдігі | 30.12.2021 | ЖТ-2021-01119867 | жазбаша түсініктемелер берілді | - |
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша 208 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу бойынша функциялар құрылымдық бөлімшелерге, облыс әкімдігіндегі, аудандар мен қалалар әкімдіктеріндегі жауапты қызметкерлерге бекітілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау объектілерінің бұзушылықтарын анықтауы, жоюы және жол бермеуі болып табылады.
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың нормаларын бұзудың 347 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзушылықтардың 3 фактісі, мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен қарастырылған құжаттардың толық пакеті болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің 7 фактісі, мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен қарастырылмаған құжаттарды талап етудің 4 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетудің рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзудың 63 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың басқа да талаптарын бұзудың 270 фактісі, сонымен қатар, мемқызметтерді көрсету мерзімдерінің 7 бұзушылығы анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар саны 395 құрайды, оның ішінде 303 ұсыным немесе 76,7% орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 55 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі бақылау қызметтерінің көрсетілетін қызмет берушілер тарапынан бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюы қызмет берушілердің осындай фактілерді алдағы уақытта болдырмауға ықпал етеді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында, 2021 жылы «Зор рух» қайырымдылық қоры» жеке қорымен қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2022 жылға мынадай іс-шаралар жоспарланды:
Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2021 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды
Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты
| № | Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген жеке тұлғаның ТАӘ, мекеменің атауы | Жария талқылаудың аясында келіп түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны | Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер | Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіздеме | Ескерту |
| 1. | |||||
| 2. | |||||
| 3. |
Қосымша мәлiметтер: ____________________________________________